Вернуться к списку статей

Антон Шох турнирінде қазақтар мен өзбектер додаға түседі

Футбол
1K
Таразда халықаралық доп додасы басталды. Фото: kff.kz
Бүгін Таразда Антон Шохты еске түсіруге арналған, жасөспірімдер арасындағы ІХ халықаралық турнир басталды.

КСРО спорт шеберін еске түсіруге арналған биылғы дәстүрлі турнирде сгіз команда додаға түседі. Олардың екеуі – көрші Өзбекстаннан келген жасөспірімдер арасындағы футбол командалары да, қалғандары – өзіміздің ұжымдар.

Осы сегіз команда екі топқа тең бөлінген. Әуелі бір айналымдық жүйемен топтық ойындар өтеді (3-5 мамыр күндері). Жексенбі күні екі төрттікте жартылай финалдық ойындар ұйымдастырылады.

Өз топтарында бірінші және екінші орын алған командалар жүлделі орындарды сарапқа салады (1А – 2В және 1В – 2А).

Ал өз топтарында үшінші және төртінші орындарды қанағат тұтқан командалар 5-8 орындарды сарапқа салады (3А – 4В және 3В – 4А).

8 мамырда финалдық ойындар өтеді. Жоғарыдағы жартылай финалдық матчтарда жеңіске жеткендер бірінші және бесінші орындарды, ал жеңіліп қалғандар үшінші және жетінші орындарды сарапқа салады.

«А» тобы:

«Монтажник» (Тараз, Қазақстан)

«Жастар» (Қарағанды, Қазақстан)

БУСМ-16 (Ташкент, Өзбекстан)

Қазақстан-U18 жасөспірімдер құрамасы

«В» тобы:

«Алма-Ата» (Алматы, Қазақстан)

ОРСБЖМ (Астана, Қазақстан)

ЭРКОР (Ташкент, Өзбекстан)

Қазақстан-U17 жасөспірімдер құрамасы

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика