«Ақтөбе» «Ордабасы» клубына грузин Джамбул Джигауриді беріп, өздері Шымкент командасынан серб Александр Симчевичті алған. Жартылай қорғаушысын қорғаушыға айырбастаған. Жазғы трансфер кезеңіне дейін осылай легионерлерін айырбастаған.
Бұл ақпаратты осыдан екі күнге жуық уақыт бұрын «Ақтөбе» футбол клубы жариялады. Тіпті Симчевичтің «ақ-қызылдар» жейдесімен жаттығып жүрген фотоларын да жариялады. Ал «Ордабасы» клубы – әлі үн-түсіз. Симчевич шымкенттіктердің соңғы жолдастық кездесуінде (28 ақпанда) алаңға шыққан болатын.