Кеше «Тобыл» Түркияның «Чайкур Ризеспор» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:2 есебімен ұтылып қалды. Осы ойында Қостанай клубының жаңа ойыншылары команда сапынан кетіп қалған футболшылардың жейделерін киіп шықты.
Ғаламтордағы бейнетрансляция арқылы байқағанымыз, Максим Федин киген жейденің артында «Жалмұқан» деп жазылып тұрса, Бауыржан Тұрысбектің киіп шыққан 10-нөмірлі жейдесінің артында әлі «Ллуллаку» деген жазу бар.
Денис Главинаға және Евгений Левинге тиеслі болған үшінші және жиырмасыншы нөмірлермен де басқа футболшылар ойнады. Аслан Дарабаев қателеспесек, кешегі ойында 77-нөмірлі жейдені (Альмир Мухутдинов) киіп шыққандай...
Жалпы, бұл тек «Тобылға» ғана қатысты жағдай емес. Былтыр «Ертіс» клубындағы осындай көрініс тіпті күлкілі болған. Себебі Әлібек Аяғановтың жейдесін киіп шыққан футболшыға қарап, әлеуметтік желідегі футбол жанкүйерлері «Аяғанов күнге әбден күйген екен» деп біраз күлген...