ХVІІІ турдың ертерек өткізілген екі ойынына «Егемен Қазақстан» газеті спорт бөлімінің редакторы Қайрат Әбілдинов болжам жасаған. Оның қорытындысын осы турдың қалған төрт матчы өткен соң шығарамыз.
Ал V турдың ертеңгі ойындарына aktausport.kz спорт порталынын бас редакторы Асқар Ағатаев болжам жасайды. Қысқа да нұсқа:
«Шахтер – «Қайрат» – 0:3
Алматының «Қайраты қатарынан төрт рет тең түсті. Дегенмен, Қарағандыда алматылықтар оңай жеңіске жетеді.
«Ақтөбе» – «Ақжайық» – 1:0
Бұл екі команда чемпионат кестесінде іркес-тіркес орналасқан. Бұл ойында көп гол соғылмайды. Ойын тағдырын бір доп қана шешеді.
«Атырау» – «Астана» – 1:2
Атыраулықтарға қарағанда, былтырғы ел чемпионы – тәжірибесі мол команда. «Астана» басым түсіп, түзден тағы үш ұпай олжалайды.
«Қайсар» – «Тобыл» – 1:1
Әзірше бұл екі команда турнир кестесінің басында тұр. Екеуара ойынның тартысты өтетініне еш күмәнім жоқ. Әрі ойын тең есеппен аяқталады деп ойлаймын.
«Тараз» – «Ордабасы» – 0:2
«Ордабасы» чемпионтты қарқынды бастады, көш бастап келеді. «Тараз» футболшыларына оңтүстікқазақстандықтарды тоқтату қиынға соғады.
«Оқжетпес» – «Ертіс» – 1:1
Алаңның сапасы жаман болса, ойыншылар өрнекті ойын үлгісін көрсете алмайды. Сондықтан кездесу тең аяқталады.