Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. Ширек финалдың соңғы жолдамалары кімге бұйырады?

Футбол
1K
Болжам-бәйге. Ширек финалдың соңғы жолдамалары кімге бұйырады?
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Бүгін Чемпиондар лигасы «Болжам-бәйгесінің» ширек финалына жолдама алатын соңғы «букмекерлер» анықталады. 1/8-финалдың жауапты ойындары аясында Мадридте Испанияның «Атлетикосы» немістің «Байер» клубын қабылдаса, Францияда «Монако» мен Англияның «Манчестер Сити» айқасады. «Этихад» стадионында өткен бірінші кездесуде «аспаннан гол жауып», «Манчестер Сити» мен «Монако» арасындағы ойын 5:3 есебімен аяқталған.

Алғашқы матчқа спорт журналисі Мадина Асылбек пен заманауи жырау Жан Ахмадиев болжам жасаған. Гол айырмашылығын дәл тапқан Мадина ширек финалға бір қадам жақындады. Енді жауапты ойын.

«Монако» – «Манчестер Юнайтед» кездесуіне «Қайсар» футбол клубының дәрігері Сәкен Дөнесов пен ақтаулық спорт журналисі Асқар Ағатаев болжам жасайды. Бірінші матчтың қорытындысы бойынша Дөнесовтің еншісінде – бір ұпай. Ол Хосеп Гвардиола шәкірттерінің жеңетінін дәл тапқан.

Кімдердің ширек финалға жолдама алатындықтары бүгінгі ойындардан кейін белгілі болады.


Еурокубок болжам-бәйгесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика