Чемпиондар лигасы 1/8-финалының тағы екі жауапты кездесуі өтті. Керемет ремонтада жасап, ширек финалға шыққан «Барселона» және «Боруссия» командаларымен бірге келесі кезеңге Серік Досманбетов және Ая Өміртай жолдама алды.
БАРСЕЛОНА – НАПОЛИ
(Серік Досманбетов – Максим Рожин)
Парижде 0:4 есебімен күйрей жеңілген «Барселонаға» ешкім сенбеген еді. Бірақ өз алаңында ерлік жасап, жанкүйерлерінің, пенальтилердің арқасында 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Бұл ойынға «Қайсар» футбол клубының жаттықтырушысы Серік Досманбетов пен журналист-блогер Максим Рожин болжам жасаған. Басқалар секілді Рожин француздарға сенді. Сенді де, опық жеді. Ал Досманбетов екі ойында да бір-бір ұпайдан жинап, ширек финалға жолдама алды.
БОРУССИЯ Д – БЕНФИКА
(Ардақ Тоғымов – Ая Өміртай)
Португалиядағы кездесуде «Бенфика» немістің «Боруссиясын» 1:0 есебімен жеңген. Сондықтан болар, Ардақ Тоғымов лиссабондықтардың ширек финалға жолдама алатындықтарына сенімді болды. 2:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетеді дегенімен бұл болжам келесі кезеңге жолдама алуға аздық етті. Өйткені, ойынның 3:0 есебімен аяқталатынына сенімді болған Ая Өміртайдікі шындыққа жақынырақ еді. Ал Португалиядағы ойында екеуі де ұпайсыз қалған.
Еурокубок болжам-бәйгесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.