Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. "Барселона" есе қайтара ала ма?

Футбол
2K
Болжам-бәйге.
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Бүгін Чемпиондар лигасы 1/8-финалының жауапты ойындары аясында «Камп Ноуда» «Барселона» Париждің «Пари Сен Жермен» клубын қабылдаса, Дортмундта жергілікті «Боруссия» мен Португалияның «Бенфикасы» додаға түседі. Бірінші матчта «ПСЖ» каталониялықтарды 4:0 есебімен ойсырата жеңген, ал «Бенфика «Боруссиядан» 1:0 есебімен басым түскен еді.

Алғашқы матчқа «Қайсар» футбол клубының жаттықтырушысы Серік Досманбетов пен журналист-блогер Максим Рожин болжам жасайды. Бірінші матчтың қорытындысы бойынша бір ұпаймен Серік Досманбетов алда.

Неміс жеріндегі матчқа Штаттағы ұлттық командалар дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымов пен журналист-блогер Ая Өміртай болжам жасайды. Бірінші кездесудің қорытындысы бойынша екеуінің де еншісінде ұпай жоқ. Бірақ, қосымша көрсеткіштер бойынша Ая алда тұр.


Еурокубок болжам-бәйгесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика