Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге: "Баварияға" бәрі сенеді, ал "Реал" ширек финалға шыға ала ма?

Футбол
1K
Чемпиондар лигасының Болжам-бәйгесі:
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Бүгін Чемпиондар лигасы 1/8-финалының жауапты ойындары аясында Неапольде «Наполи» Чемпиондар лигасының өткен жылғы чемпионы «Реалды» қабылдаса, Англия астанасы Лондонда жергілікті «Арсенал» мен немістің «Бавариясы» айқасады. Бірінші матчта «Реал» италиялықтарды 3:1 есебімен жеңген, ал мюнхендіктер «канонирлерді» 5:1 есебімен ойсырата ұтқан.

Алғашқы матчқа футбол комментаторы Ермұхмед Мәулен мен Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметкері Айжан Құрмашева болжам жасайды. Бірінші матчтың қорытындысы бойынша екі ұпаймен Ермұхамед алда. Айжанның еншісінде бір ұпай.

Лондондағы ойынға спорт журналисі, статист Думан Балықбаев пен қазақ футболының нөмірі бірінші аруы Әйгерім Сабыралиева болжам жасаған. Екеуінің де еншісінде бір ұпайдан. Бірақ, қосымша көрсеткіштер бойынша Сабыралиева алда тұр.


Еурокубок болжам-бәйгесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады. 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика