Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. "Манчестер Сити" мен "Атлетико" ширек финалға жақындады

Футбол
1K
Болжам-бәйге.
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Кеше Чемпиондар лигасының 1/8-финалы аясында Англияның «Манчестер Ситиі» өз алаңында Францияның «Монакосын» қабылдаса, Леверкузенде «Байер» Мадридтің «Атлетикосымен» кездескен. «Эттихад» стадионындағы ойында нағыз айқас өтіп, қиян-кескі текетірестің нәтижесінде «МС» 5:3 есебімен жеңіске жетті. Ал «Байер» мен «Атлетико» арасындағы ойында қонақтар еш қиындықсыз 4:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

«Манчестер Сити» – «Монако». «Болжам-бәйге» бәсекесінде «Қайсар» футбол клубының бас дәрігері Сәкен Дөнесов пен ақтаулық спорт журналисі Асқар Ағатаев өз пайымдарын жасаған. Әзірге қызылордалық «букмекеріміз» алда. Ойынның қорытындысын дәл тауып отыр. Ал алаң иелеріне сенімсіздік танытқан Ағатаев «Монакоға» үміт артып, сан соғып қалды.

«Байер» – «Атлетико». Ал бұл ойынға астаналық аруымыз, спорт журналисі Мадина Асылбек пен заманауи жырау Жан Ахмадиев болжам жасауы тиіс болған. Алайда, соңғысымен хабарласа алмадық. Есесіне, Мадина Асылбек матч қорытындысын ғана емес, гол айырмасын да дәл тауып, еншісіне екі ұпай жазды.

 

Еурокубок «болжам-бәйгесінің» ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика