І. Болжам жасау тәртібі
Әр жұптағы кездесулерге (бірінші ойын және қарымта матч) екі болжамшы болжам жасайды. Екі матчтың қорытындысы бойынша қай команданың ширек финалға шыққанын дәл тапқан немесе көп ұпай жинаған жорамалшымыз келесі кезеңге өтеді. Таба алмағаны бәйгемізден тыс қалады. Плей-офф ережесі – солай...
Әрине, болжамшыларымыздың екеуінің де деңгейі жоғарылау командағы сенім артуы мүмкін. Яғни екеуінің де бір команданың Чемпиондар лигасының ширек финалына шығатынын дәл табулары немесе жаза басулары ықтимал. Ал келесі кезеңге сол екеуінің біреуі ғана шығуы керек. Сондықтан:
1) Ойын нәтижесін нақты жазасыздар (Мәселен – 2:1 немесе 1:1);
2) Бірінші таймның да есебін (нәтижесін) көрсетуіңіз керек (1:0, 0:0).
3) Матч барысында болуы мүмкін маңызды және елеулі жәйттер:
а) пенальти бола ма, жоқ па?
ә) қызыл қағаз алып, алаңнан қуылатындар бола ма, жоқ па?
4) Әр команда сапынан гол соғатын бір-екі футболшының аты-жөнін бөле-жара атауыңыз керек (2х2=4, одан көп емес);
5) Қарымта матчта пенальтиге жүгінуге тура келе ма, жоқ па?
а) Матч негізгі уақытта аяқтала ма, әлде жеңімпаз экстра таймда анықтала ма, жоқ әлде пенальтиге жүгінуге тура келе ме – жіктеп жазыңыз;
ә) Қарымта матч пенальтиге дейін созылып, жеңімпазды анықтау үшін 11-метрлік айып соққыларына жүгінуге тура келеді деп ойласаңыз, оның да есебін жазыңыз (Мәселен – 5:4).
ІІ. Келесі кезеңге кім шығады?
1) Ең бірінші – екі ойынның қорытындысы бойынша қай команданың келесі кезеңге шығатынын ойын нәтижелерімен қоса дәл тапқаны!
3) Екі ойында жинаған ұпайы дәл шыққан – болжамшы. Мысалы, екеуі де ПСЖ емес, «Барселонаның» шығатынына сенімді болды делік. Бірақ бірінші болжамшы «екі ойында да Испания клубы жеңеді» десе, ал екіншісі «Каталониялықтар түзде тең түсіп, өз алаңында жеңіске жетеді» деген пікірде болса...
Ескерту: Ұпай есептеу жүйесі сол бұрынғыдай:
а) Ойын нәтижесін (есебін) дәл тапқан адамға – 3 (үш) ұпай /мысалы, 2:1 немесе 1:1 болып аяқталған матчты 2:1 немесе 1:1 деп, дәл шешу/;
ә) Қай команданың жеңетіндігін және доп айырмасын дұрыс тапқан адамға – 2 (екі) ұпай /мысалы, 3:1 болып аяқталған матчты 2:0 немесе 4:2 деп нобайлау/
б) Ойынның қалай аяқталатындығын, яғни қайсысының жеңетіндігін немесе екеуінің тең түсетіндігін тапқан адамға – 1 (бір) ұпай /мысалы, 1:0 немесе 0:0 есебімен аяқалған матчты 3:1 немесе 2:2 деп нобайлау/
3) Қай команданың келесі кезеңге шыққанын дұрыс тапқанымен, екі ойынның нәтижесін дәл таппаса да, болжамдары жалпы есепке неғұрлым жақынырақ болғаны (“Total” қағидасы ескеріледі).
Ескерту: Нақты ойын нәтижелері – 2:0, 1:1
Біздің 1-болжамшымыз – 3:1, 2:2
Біздің 2-болшамшымыз – 2:1, 0:0
Мұндай жағдайда 1-болжамшы шығады.
4) Егер екі болжамшы да келесі кезеңге шыққан команданы дәл тапса, екеуінің де ұпайлары бірдей болса, онда қосымша деректеріне, яғни І-бөлімнің 2-5-тармақтарындағы талаптарға көңіл бөлеміз (бірінші таймның нәтижесі, пенальти, қызыл қағаз, гол соққандар, матчтан кейінгі пенальти есептері...).
ІІІ. Егер екі болжамшы сенім артқан команда шыға алмай қалса:
Егер біздің екі болжамшымыздың екеуі де бір команда шығады деп ойлап, ал келесі кезеңге басқа команда шықса, онда мына шарттарға жүгінеміз:
1) қайсысының ұпайы көп;
2) ұпайлары да бірдей болса, онда жалпы есепті неғұрлым жақынырақ тапқаны (нақты жалпы есеп 5:3, біздің болжамшымыздың жорамалы – 4:2). Яғни “Total” қағидасы ескеріледі;
3) І-бөлімнің 2-5-тармақтарындағы талаптарға көңіл бөлінеді.
4) Егер мұнда да келесі кезеңге шығатын болжамшымызды анықтау мүмкін болмаса, онда екеуінің топтық кезеңдегі ұпайлары есепке алынады.
8) Егер топтық кезеңдегі ұпайлары да бірдей болса, онда «Total» қағидасы ескеріледі (Мысалы, қайсысы ойын нәтижесін көбірек дәл тапты).
Бәйгемізге қатысушылардың қай ойындарға болжам жасайтындарын мына сілтеме арқылы білуге болады.