Барша әлемді теледидар алдына телміртетін футбол түні жалғасады. Біз жанкүйерлер мен журналистер арасында ұйымдастырылып жатқан бәйгемізді одан әрі сабақтап, соңғы бес «букмекердің» пайымдарын ұсынамыз.
Жеребе тарту қорытындысы бойынша, Чемпиондар лигасының «Е» тобындағы екі ойынға алматылық журналист Дәурен Берікқажы, «Ғ» тобының қос кездесуіне студент, болашақ журналист Мерей Қанапия «G» тобының матчтарына тарихшы Алмат Түлетбеков және «D» тобының бүгінгі ойындарына тараздық журналист Нұрболат Әлдибек өз пайымдарын білдірді.
Сонымен қатар, ертеңгі Еуропа лигасының «А» тобына «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Мәселе» бағдарламысының жүргізушісі Нартай Аралбайұлы болжам айтып, «Астана» топтан шыға алмайды деген пікір білдірсе, тағы бір жанкүйеріміз Әлішер Есенбек Еуропа лигасының «В» тобына пайымдарын жасады.
«Болжам-бәйге» бәсекесінің ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.