Вернуться к списку статей

Тарихи жеңіспен оралған команда чемпион болуға лайық – Назерке Абибулла

Футбол
2K
Baq.kz тілшісі – Назерке Абибулла
Қазақстан премьер-лигасының ХХХІІІ турына Baq.kz тілшісі Назерке Абибулла болжам береді.

«Астана» – «Ақжайық» – 2:0
Еурокубок додаларының топтық кезеңінде үшінші жыл ойнап жатқан "Астана" кеше ғана Тель-Авивтің «Маккабиін» ұтып, тарихи жеңіске қол жеткізді. Осындай жақсы нәтижемен елге оралған команда ҚПЛ жеңімпазы атануға лайық. Бірін-бірі қуып келе жатқан "Қайраттан" жеңілсе де, бұл жолы «Ақжайықтан» басым түсуі тиіс.

«Қайрат» – «Ақтөбе» – 3:1
Алматының "Қайраты" елорда командасын өкшелеп қуып келеді. Турнир кестесіндегі бір ғана ұпай айырмасын ескерсек, "Қайрат" ел чемпионы атану үшін барын салады. "Астанамен" өткен матчта да чемпиондықтан үмітті екенін көрсетті. Тоғызыншы орында келе жатқан "Ақтөбені" жеңу қиын болмайды деп ойлаймын.

«Ордабасы» – «Оқжетпес» – 2:0
Көш соңындағы "Оқжетпес" бұл жолы да ұпайдан қағылып, премьер-лигадағы орнын босатуға дайын шығар. Ал "Ордабасы" Көкше клубын жеңіп, кестедегі өз орнын нығайта түседі.

«Ертіс» – «Шахтер» – 2:1
ҚПЛ-дың биылғы біріншілігінде тең түскен ойындары бәрінен көп "Ертіс" бұл жолы "Шахтерден" айласын асыруы мүмкін. Бұған дейін де "Шахтерді" ұтқан. Сол себепті жеңісті "Ертіске" бердім. 

«Тобыл» – «Атырау» – 1:0
Қостанайдың "Тобылы" бұл турда жеңіске жетеді. "Ертістен" бір ұпай артта келе жатқан "Тобыл" үшін "Атырауды" жеңу қиын емес деп ойлаймын. Ал "Атырау" болса, жеңісінен жеңілісі көп команда, сенбеймін оларға...

«Тараз» – «Қайсар» – 1:1
Екі команда да тең түседі. Неге? Соңғы кезде көрсеткен ойындары солай. "Таразға" жеңісті бергім-ақ келіп тұр, бірақ "Қайсар" да алаң иелерінің қақпасына гол соғады деп ойлаймын.

«Қайрат» Жанарбектің сенімін ақтады...

ХХХІІ турдың ойындрына «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы Жанарбек Әшімжан болжам берген болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен алты ойынның нақты нәтижелерін салыстарып көре аласыздар.

Жанарбек Әшімжанның ХХХІІ турға берген болжамының қорытындысы


Ескерту:

* – Негізі, Нағи Бақытбеков екі матчтың нәтижесін тура тапқан. Бірақ төрешілердің қателігінен екі ұпайынан айырылды (төреші таза соғылған голды есепке алмай). Мадина Асылбек пен Фархат Әміренов бір ойынның нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты (төрт рет бір ұпайдан иеленді). Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін, әрі екі ойынның доп айырмасын болжап шықты;

**  – Жанарбек Әшімжан бір ойынның есебін дәл тауып, үш ойынның қалай аяқталатындығын дұрыс болжады. Ал Серік Мәмбетов пен Сәкен Сыбанбай бір матчтың есебін бұлжытпай тапты да, екі ойынның жалпы есебін шешті. Әрі осы екі кездесудің біреуінде доп айырмасын тапты.

*** – Ардақ Тоғымов пен Алмас Манап бір ойынның есебін дәл тапты, сондай-ақ екі ойынның қалай аяқталатындығын болжап шықты. Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты (қайсысы жеңетіндігін немесе матчтың тең аяқталатындығын), ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (әрі екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты;

**** – Дүрәлі Дүйсебай, Әлібек Байшүленов, Талғат Садықов және Әли Битөре үш ойынның жалпы есебін тапты, Ришад Тұрғанбай мен Қуаныш Бажақ екі ойынның есебін (бір ойынның доп айырмасын) болжап шықты.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика