Соңғы турларда аруларымыз жігіттерге дес берер емес. Өткен жолы бәйгемізге екі қыз ғана қатысып, екеуі де үздік үштікке іліккен. Нақтырақ айтқанда, бірінші және үшінші орындарға ие болған. Бұл жолы екі аруды тартқанбыз. Екеуі жігіттердің бәрінен асып түсіп, бірінші-екінші орындарды иеленді.
Жалпы, төртінші турда тек Мадина Сарбалаева ғана бір ойынның нәтижесін дәл тапты. Ол «Селтик» – «Бавария» матчының есебін жаңылыспай, тура атады – 1:2. Әрі бірінші таймда неміс клубының бір гол соғатындығын да шешті. Сондай-ақ, ПСЖ жұлдыздарының «Андерлехт» клубынан басым түсетіндігін де пайымдады (болжам – 3:1, ал матч 5:0 есебімен аяқталды). Сонда: 3 + 0,25 + 1 = 4,25
Төртінші турда екінші орынға Дина Тұрарқызы ие болды. Әріптесіміз «Астана» клубының түзде «Маккабиді» бір гол айырмасымен ұтатындығын дұрыс болжап, екі ұпай еншіледі (болжам – 1:2, ал матч – 0:1). Содан соң «Вильярреал» клубының түзде «Славияны» сүріндіретіндігін де топшылады (болжам – 0:1, ал матч – 0:2). Әрі бірінші таймның есебін де бұлжытпай тапты. Яғни: 2 + 1 + 0,25 = 3,25.
Үшінші орынды студент Жалғас Шубаев иеленді. Ол «Манчестер Сити» клубының түзде «Наполиді» екі доп айырмасымен ұтатындығына сәуегейлік жасап, қателескен жоқ. Ал бұл біздің ережеміз бойынша – екі ұпай (болжам – 1:3, ал матч – 2:4). Сонымен қатар, Украинаның «Шахтерінің» «Фейеноорд» футболшыларын жеңетіндігіне де сенген болатын (болжам – 1:0, ал матч – 3:1). Сөйтіп, 2 + 1 = 3 ұпай еншіледі.
Енді төрт турдың қорытынды кестесіне көз жүгіртулеріңізге болады:
Ескерту: Ұпайлары бірдей болжамшыларымыз қосымша көрсеткіштері (қызыл қағаз, пенальти және Total қағидасы) бойынша жіктелді.
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне арнайы ұйымдастырып отырған «Болжам-бәйгеміздің» ережесімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.