«Шахтер» – «Қайсар» – 2:1
Ортанқол командалар арасындағы бұл ойынның – маңызы өте зор. Ұлттық біріншілігіміздегі алтыншы орын «тағдырының» осы матчта шешіліп те қалуы мүмкін. Қарағандылықтар өз алаңында ойнайтындықтан, әрине, шабуылға иек артады. Сол себептен "кеншілер" жеңіске жетеді деп ойлаймын. Сыр елі футболшылары намысты қолдан бермеуге тырысып бағады, әрине. Бірақ жеңіске деген жігерлерінің кемшін түсуі ықтимал.
«Оқжетпес» – «Тараз» – 1:1
"Тараздың" алты ұпайын алып тастағаннан кейін, жағдайы күрт өзгеріп, көш соңына сырғыды. Премьер-лигадан шығып қалу қауіпі еңді тек көкшетаулықтардын ғана бас ауыртатын мәселесі емес. Жалпы, екі аутсайдер арасындағы кездесу осы турдың орталық ойыны болады. Ойын өте тартысты өтуі тиіс. Екі ұжымның денгейі бірдей, яғни тең түседі деп ойлаймын.
«Астана» – «Ертіс» – 2:0
Бұл ойында елордалықтардың чемпиондық атағына мейілінше жақындай түсуі ықтимал. Лория екі доптан артық жібере қоймас деп ойлаймын (егер ойнаса, осы матчта). Стойлов мырзаның командасы негізгі құраммен шығуы тиіс. Еуропа лигасының топтық кезеңдегі бәсекелестіктің қызған кезі. Сол себептен астаналықтар ҚПЛ кездесулерін соған дайындық ретінде қарастырады.
ХХХ турдың мерзімінен бұрын өткен үш матчына Ардақ Тоғымовтың берген болжамын мына сілтемеде – Көршінің клубы керемет еді, бес рет Қазақстан чемпионы болған.
Толқын үздік үштікте...
Өткен жолы ХХV турдың кейінге шегерілген бір ойынына NAR-TV телеарнасының спорт журналисі Толқын Бакирхужаев болжам берген болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен ойынның нақты нәтижесін салыстарып көре аласыздар. Ал осы турдың қалған бес ойынына берген болжамын және олардың қорытындысын мына сілтемеле арқылы көруге болады
Толқын Бакирхужаевтың ХХV турға берген болжамының қорытындысы
Ескерту:
* – Ермек екі ойынның нәтижесін дәл тапты. Әрі кейінге шегерілген бір ойыны бар. Негізі, Нағи Бақытбеков те екі матчтың нәтижесін тура тапқан. Бірақ төрешілердің қателігінен екі ұпайынан айырылды (төреші таза соғылған голды есепке алмай). Мадина Асылбек пен Фархат Әміренов бір ойынның нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты (төрт рет бір ұпайдан иеленді). Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін, әрі екі ойынның доп айырмасын болжап шықты;
** – Алмас Манап бір ойынның есебін дәл тапты, сондай-ақ екі ойынның қалай аяқталатындығын болжап шықты. Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты (қайсысы жеңетіндігін немесе матчтың тең аяқталатындығын), ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (әрі екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты;
*** – Дүрәлі Дүйсебай, Әлібек Байшүленов, Талғат Садықов және Әли Битөре үш ойынның жалпы есебін тапты, Ришад Тұрғанбай мен Қуаныш Бажақ екі ойынның есебін (бір ойынның доп айырмасын) болжап шықты.