«Ақжайық» – «Ақтөбе» – 1:1
24-турдың шымылдығын ашатын «Ақжайық» – «Ақтөбе» матчында тең нәтиже тіркеледі деп ойлаймын. Биыл итжығыс түсіп жүрген аутсайдерлер ары кетсе бір голдан соғар. Бір-бірінің қақпа кілтін таба алмауы да мүмкін.
«Қайрат» – «Шахтер» – 3:1
«Шахтердің» соңғы турлардағы аяқ алысы жаман емес. Бірақ, кеншілердің Алматыда «Қайратқа» қауқар көрсете қоюы екіталай. Алаң иелері кемінде екі доп басымдығымен жеңіске жетуі тиіс.
«Ертіс» – «Қайсар» – 1:0
Қос команда арасындағы ойындар нәтижелі болмай жүр. Осы жолы да жүрістерінен жаңылмас. Ойын тағдырын бір доп қана шешеді. «Ертістің» бағы басым болатын секілді.
«Тобыл» – «Тараз» – 2:1
Қатарынан үш ойында жеңілген қостанайлықтар өз жанкүйерлерін жерге қаратпауы керек. Өз алаңына қарағанда түзде жақсы нәтиже көрсетіп жүрген «Тараз» «Тобылдың» қақпасынан саңылау таппай қайтпас.
«Ордабасы» – «Атырау» – 2:0
«Орадабасы» мен «Атырау» биылғы маусымда өзара жеңімпазды анықтай алмай жүр. Осы жолы шымкенттіктердің айы оңынан туып, қонақтар қақпасына жауапсыз қос доп соғады деп ойлаймын.
Үш ұпайды қанағат тұтқандар көбейіп барады...
Өткен ХХІІІ турдың ойындарына «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Әли Битөре болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен алты ойынның нақты нәтижесін салыстарып көре аласыздар.
Әли Битөренің ХХІІІ турға берген болжамының қорытындысы
Ескерту:
* – Негізі, Нағи Бақытбеков екі ойынның нәтижесін дәл тапқан. Бірақ төрешілердің қателігінен екі ұпайынан айырылды. Фархат Әміренов бір матчтың нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты. Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін (екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты;
** – Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты, ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты;
*** – Дүрәлі Дүйсебай, Әлібек Байшүленов, Талғат Садықов және Әли Битөре үш ойынның жалпы есебін тапты, Ришад Тұрғанбай мен Қуаныш Бажақ екі ойынның есебін (бір ойынның доп айырмасын) болжап шықты.