«Шахтер» – «Тараз» – 1:0
Турнир кестесінде қатар орналасқан командалар алдағы үзіліс қарсаңында бір-бірінен асып түсіп, жоғары орналасқанды қалайды, әрине. Сондықтан бұл ойында жанкүйерлерді тартысты дода күтіп тұр. Екеуі де өткен турда сырт алаңда жеңіске жеткен болатын. Меніңше, бұл матчта қарағандылықтардың бағы жанады.
«Атырау» – «Тобыл» – 2:0
Бұл жұптағы командалар өткен турда ел чемпионатының көшбасшыларымен кездескен. Қостанайлықтар «Астанадан» 0:2 есебімен ұтылып қалса, атыраулықтар «Қайратпен» тең түсіп, алматылықтарға онсыз да сын көзбен қарап, наразы болып жүргендердің қарасын көбейтті. Әрине, «Тобыл» осал емес, әйтсе де олар атыраулықтар сескенетіндей команда деп айта алмаймын. «Атырау» өз алаңында айқын басымдық танытады деп ойлаймын.
«Оқжетпес» – «Қайсар» – 2:2
Көш соңындағы командалардың бірі ойынын адам болжап білмейтін орта деңгейлі ұжыммен кездеседі. Маған әйтеуір, осы ойында гол көп соғылып, тең аяқталатын сияқты.
«Ақтөбе» – «Қайрат» – 1:1
Дәл қазіргі жағдайда, яғни Испания жаттықтырушысының «Қайраттың» тізгінін қолына алуы, жаңа бапкер міндетті түрде жеңіске жеткізеді дегенді білдірмейді. Егер бұл ойын тең аяқталса, бұл екі жақты да қанағаттандырады деп есептеймін.
«Ақжайық» – «Ертіс» – 0:2
Өткен турда екеуі де жеңілістің кермек дәмін татқан. Рас, «Ақжайық» одан кейін бір ұпай олжалады. Ал «Ертіс» «Шахтерден» ұтылуға лайықты емес еді. Еурокубоктардан кейін ойларын жинақтап, сабасына түсіп, «Ертіс» енді қамшыны басуы керек. Үйде де, түзде де жеңіске жетуге тырысуы тиіс. Жексенбі күні алаң иелеріне оңай болмайды. Қонақтар жеңеді деген ойдамын.
Тағы да біздің болжамшымыз үш ұпайынан қағылды...
Осы аптада VІІІ және ХV турлардың кейінгі шегерілген екі ойыны өтіп, осы матчтарға Талдықорғандағы «Жетісу» газетінің спорт шолушысы Ришад Тұрғанбай мен танымал спорт шолушысы, Қазақстан Журналистер Одағы үздік журналисіне берілетін Т.Жанұзақов, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтардың иегері, Астанадағы Еуразиялық ұлттық университеттің оқытушысы Дүрәлі Дүйсебай ағамыз болжам жасаған болатын.
Осы ретте айта кеткеніміз жөн болар, Дүрәлі-аға әу баста «Ақжайық» пен «Ақтөбе» тең түседі деген. Бірақ ойын кейінге шегеріліп, біз қайтадан болжам жасауын өтіндік. Сонда қонақтар жеңіске жетеді деп еді... Алайда ақтөбеліктер 2:1 есебімен жеңіп тұрып, 95-минутта гол жіберіп алды. Ал кейбіреулер бұл голдың әділетті соғылғанына күмән келтіреді. Оны Төрешілер департаментінің диреторы саралай жатар, ал біздің болжамшымыз үш ұпайынан айырылды...
Ришад Тұрғанбайдың VІІІ турға берген болжамының қорытындысы:
Дүрәлі Дүйсебайдың ХV турға берген болжамының қорытындысы:
Ескерту:
* – Негізі, Нағи Бақытбеков екі ойынның нәтижесін дәл тапқан. Бірақ төрешілердің қателігінен екі ұпайынан айырылды. Фархат Әміренов бір матчтың нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты. Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін (екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты;
** – Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты, ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (екі ойынның доп айырмасын) шешті;
*** – Дүрәлі Дүйсебай мен Әлібек Байшүленов үш ойынның жалпы есебін тапты, Ришад Тұрғанбай мен Қуаныш Бажақ екі ойынның есебін (бір ойынның доп айырмасын) шешті.