Бұл айдар оқырмандар үшін ғана емес, ойындарға бәс тігетін букмекерлерге де таптырмас көмекші болуы да ықтимал. Сондай-ақ, әр турдан кейін оның қорытындысын шығарып, қатысушылар рейтингісін түзіп отырамыз.
Рейтингіде ұпай үлестіру ережесі:
Журналист «ойын 2:1 есебімен аяқталады» деп кездесу нәтижесін дәл тапса, онда еншісіне үш ұпай жазылады.Маусым соңында жеңімпаз атанған қатысушымызға порталымыздың тағайындаған арнайы сыйлығы бар...
Егер 2:1 есебімен аяқталған ойынды 1:0 немесе 3:2, 4:3 т.с.с. доп айырмашылығын да тапса, онда оған екі ұпай беріледі.
Ал нақты есепті емес, қай команданың жеңіске жететіндігін ғана тапса, бір ұпайды еншілейді.
Сондай-ақ, тең есеппен аяқталған матчтың нәтижесін дәл тапса – үш ұпай.
Тең аяқталған ойының жай ғана қорытындысын тапса (ойын нәтижесін дәлме-дәл емес), онда бір ұпай алады.