Вернуться к списку статей

Премьер-лиганың соңғы турына көшбасшылар болжам жасайды

Футбол
2K
Ақын Ордабай мен Ермұхамед Мәулен Премьер-лиганың соңғы турына өз болжамдарын жасайды
Бұл айдар оқырмандар үшін ғана емес, букмекерлерге де таптырмас көмекші.

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 32-ші, яғни соңғы тур ойындары басталады. Соңғы турға біз бірінші кезеңде 10 және 11 ұпайдан жинап, болжамшылар бәсекесінде бірден көш бастаған Ақын Ордабай мен Ермұхамед Мәуленді қалдырған болатынбыз. Соңғы турдың матчтарының қалай өтетіндігі жөнінде өз болжамдарын осы екі журналист ұсынады..

ЕРТІС – АСТАНА


Ақын Ордабай – 1:2

«Астана» «Қайраттан» жеңілген кезде көпшілік түсіне алмай, тіксініп қалып еді. Станимир Стойлов атақты Фергоссен сияқты команданы тактиаклық жағынан мықты дайындайтын маман екенін көрсетті. «Астана» – чемпион! Ал «Ертіс» қола үшін барын салуға дайын команда сияқты көрінеді. Әрине елордалықтар жеңісті мә деп бере салатын команда емес. «Астана» ол ұпайды бере қоймас. Чемпионның жеңілуі Еуропа лигасындағы беделін түсіреді. Сондықтан, меніңше есеп 1:2 болмақ.

Ермұхамед Мәулен – 2:0

Бұл ойында елордалық командаға ештеңе керек емес. «Астана» чемпион атанып қойды. «Оқжетпеспен» болған ойыннан кейін Станимир Стойлов тек жастарды шығарамын деп айтты. Демек, «Ертіс» өз алаңында жеңіске жетуі тиіс. Оның үстіне керекуліктер қолаға таласып тұрған команда. Осы ойында бір ұпай алынса да жеткілікті. Алайда, «Астананың» екінші құрамын жеңіп, маусымды жеңіспен аяқтауға тырысады деген үміттемін. Есеп 2:0.

ҚАЙРАТ – ОҚЖЕТПЕС


Ақын Ордабай – 2:1

Менің ойымша 32-ші турдағы орталық матч «Қайрат» пен «Оқжетпес» арасында өтетін шығар. Өйткені көкшеліктер үшін қола жүлде көссіз жетістік болар еді. Сондықтан да оларға 3 ұпай ауадай қажет. Дегенмен «Қайрат» алар күмісін алып қойғанымен маусымды тамаша матчпен түйіндеу үшін әсерлі ойын көрсетуге ұмтылады.

Ермұхамед Мәулен – 0:1

Алаң иелері күміспен күптелген команда. Турнирлік маңыздылық жоқ. Ал «Оқжетпеске» ше? Оларға 3 ұпай керек. Себебі, чемпионаттағы 4-орын келер маусымда Еуропа лигасына жолдама беруі мүмкін. Ол үшін «Атырау» Қазақстан кубогының финалына шықпауы тиіс. Ал оның жартылай финалдағы қарсыласы дәл осы «Қайрат». Қонақтардың жеңісіне сенім артамын. 0:1.

ОРДАБАСЫ – АҚТӨБЕ


Ақын Ордабай – 2:2

Үздік бестікті түйіндеп тұрған  Шымкенттің «Ордабасы» клубына осы орынды сақтап қалса де жетер еді. Бірақ «Ақтөбе» де үзеңгі қағыстырып тұрған команда болғандықтан олар да оңтүстікке үш ұпай үшін барады.

Ермұхамед Мәулен – 3:0

Куаси Куаджо, Цвейба, Сорокин секілді ойыншылар бұл матчқа қатыса алмайды. «Ақтөбе» бапкері тіпті алаңға шығаратын 11 адамды табуым қиындап тұр деген еді. Қол жүлде мен ең болмаса 4-орынға көтерілгісі келетін «Орда» өз алаңында «Ақтөбені» аямайды. 3:0.

АТЫРАУ – ТОБЫЛ

 

Ақын Ордабай – 1:0

«Атырау» мен «Тобыл» деңгейлес командалар. Қостанайлықтар «Атыраудан» алға ұзап кеткенімен «мұнайлы команда» өз алаңында қалайда жеңіске жетуге тырысады. Әрине бұл ойын аса маңызды емес.

Ермұхамед Мәулен – 1:0

Осы ойынды өткізбей, екеуіне бір бір ұпайдан бөліп берсе де командалар қарсы емес секілді. Қос ұжымға қызықты ойын ғана керек. Бапкерлер шамасы келесі маусымға дайындықты осы ойыннан бастайтын шығар. Алаңға кілең жастар шығады. Ал олар қандай нәтиже тіркейтіні Аллаға ғана аян. Дегенмен, бір есеп айтып көрейін. 1:0

ЖЕТІСУ – АҚЖАЙЫҚ


Ақын Ордабай – 3:1

«Жетісудың» жағдайы өте қиын. Турнир соңында «Ақжайық» екеуінің тағдырлары ұқсас болып тұр. Премьер-лигада орнын сақтап қалу үшін аянбай 3 ұпай алу керектігін білетін талдықорғандықтар «Ақжайықты» қабылдап, осы маусымдағы ең бір үздік ойынын көрсетуге тырысады.

Ермұхамед Мәулен – 2:1

«Тараз» үшін осы ойынның нәтижесі маңызды. Соңғы екі орынды осы екі командаға беріп кеткісі келеді. Ол үшін «Жетісу» өз алаңында жеңіске жеткені дұрыс. Тым болмаса тең нәтиже де жаман емес. Алмас Құлшынбаев болса өзө орнын сақтап қалу үшін осы матчта футболшыларын шабуылға шығарып көреді. 2:1.

ТАРАЗ – ШАХТЕР


Ақын Ордабай – 3:2

Ал оңтүстің айбынды командасы «Тараздың» жағдайы жанашырлық жағдайда тұрған сияқты. Бапкердің біліктілігінің төмендігі ме, жоқ әлде кезінде аламан аяқ добының тарландарын шығарған құтты өлкеде ойыншылардың деңгейі сыбыр берген беғ әйтеуір Тараздың командасы қалт-құлт күйде тұр. Өкінішті. Төменгі лигага сырғып кетсе, Жамбыл облысының футболының мәселесін май шаммен қарайтын уақыт туатын шығар. Дегенмен, ө алаңында «Шахтерді» қалайда жеңуі тиіс.

Ермұхамед Мәулен – 2:0

«Тараз» өз алаңында өте жақсы ойнайды. Оның үстіне өткенде дәл осы «Шахтерге» жеңілген. Есені қайтару мақсатында Максимов шәкірттері жеңіске жетуі тиіс. Қарағандылықтар премьер-лигадағы орындарын сақтап қалғаннан кейін, екінші құраммен шығуы да ықтимал. 2:0.

Ал өткен жолы ел чемпионатының 31-тур ойындарына «Хабар» телеарнасының спорт редакторы Жандос Айтбай болжам жасаған. Алты кездесудің нәтижесі бойынша еншісіне 8 ұпай жазып, турнир кестесінде көш бастады.

Жандос Айтбайдың ХХХІ турға жасаған болжамдарының қорытындысы

Ойындар

Ж.Айтбайдың болжамы

Ұпай

Тараз – Тобыл 2:1

2:1

3

Ақжайық – Атырау 3:1

2:1

1

Шахтер – Жетісу 4:1

1:1

0

Астана – Ақтөбе 1:0

2:0

1

Оқжетпес – Ордабасы 3:0

1:1

0

Ертіс – Қайрат 1:3

1:3

3

«Болжам-бұрыш» бәйгесіне қатысқан журналистердің рейтиңгі

Орын

Журналист

Ұпай

Тур

1

Жандос Айтбай

8

ХХХІ

2

Түгелбай Бисен

6

ХХV

3

Ермек Төрениязов

5

ХХVI

4-5

Қанат Базылхан

4

ХХХ

4-5

Әділбек Жақанов

4

ХХІV

6-7

Сәкен Сыбанбай

3

ХХVIII

6-7

Рауан Оқас

3

ХХV

8-9

Арай Ізбай

2

ХХVII

8-9

Руслан Меделбек

2

ХХІХ

«Болжам-бұрыш» айдарының ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика