Вернуться к списку статей

Жандос Айтбайұлы – Ел чемпионы енді ұпай жоғалтса, бар атағынан айрылады

Футбол
2K
Премьер-лиганың 31-турына Жандос Айтбайұлы болжам жасайды
Бұл айдар оқырмандар үшін ғана емес, букмекерлерге де таптырмас көмекші.

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасы ХХХІ тур ойындары басталады. Матчтардың қалай өтетіндігі жөнінде өз болжамын бірінші кезеңде 8 ұпай жинап, финалға шыққан «Хабар» телеарнасының спорт редакторы Жандос Айтбай ұсынады.

Тараз – Тобыл 2:1  

Көш соңында қалып  қойған «Тараздың» көсілетін кезі осы. Егер Премьер-лигада қалуды ойласа, алаң иелері тек жеңіске жетуге тырысады.

Ақжайық – Атырау 2:1 

«Ақжайыққа» да үш ұпай ауадай қажет. Сондықтан Вахид Масудов командасы «Атыраудан» айласын асырады деп ойлаймын.

Шахтер – Жетісу   1:1. 

Маусымды ала құла өткізген командалар бұл турда ұпай бөліседі деп топшылаймын.

Астана – Ақтөбе 2:0

Соңғы екі ойында сүреңсіз ойнаған ел чемпиондары енді ұпай жоғалтса жағдайдың қиындап кетерін жақсы біледі. Ендеше бұл жолы «Астана» «Ақтөбені» жеңуі тиіс. 

Оқжетпес – Ордабасы 1:1

Екі команданың да қола медальдан дәмесі бар. Сондықтан қарсыластар жасыл алаңда жан алысып, жан беріседі. Кездесу тең аяқталады.

Ертіс – Қайрат 1:3  

"Қайрат" қарқынын жоғалтып алмаса Керекуден де олжалы қайтады.

Ал өткен жолы ел чемпионатының 3-тур ойындарына «Хабар» телеарнасының спорт редакторы Қанат Базылхан болжам жасаған. Алты кездесудің нәтижесі бойынша еншісіне 4 ұпай жазды.

Қанат Базылханның ХХХ турға жасаған болжамдарының қорытындысы

Ойындар

Қ.Базылханның болжамы

Ұпай

Ордабасы – Ертіс 3:3

1:1

1

Атырау – Шахтер 2:0

2:2

0

Тобыл – Ақжайық 0:1

2:1

0

Жетісу – Тараз 0:0

1:1

1

Қайрат – Астана 2:0

2:1

1

Ақтөбе – Оқжетпес 2:2

0:0

1

«Болжам-бұрыш» бәйгесіне қатысқан журналистердің рейтиңгі

Орын

Журналист

Ұпай

Тур

1

Түгелбай Бисен

6

ХХV

2

Ермек Төрениязов

5

ХХVI

3-4

Қанат Базылхан

4

ХХХ

3-4

Әділбек Жақанов

4

ХХІV

5

Сәкен Сыбанбай

3

ХХVIII

6-7

Рауан Оқас

2

ХХV

6-7

Арай Ізбай

2

ХХVII

«Болжам-бұрыш» айдарының ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика