Вернуться к списку статей

Максим Рожин рекорд орнатты

Футбол
2K
Чемпиондар лигасының Болжам-бәйгесі
Белгілі блогер, журналист Максим Рожин Чемпиондар лигасына арналған «Болжам-бәйгенің» рекордын орнатты. ЦСКА – «Монако» және «Байер» – «Тоттенхэм» кездесулерінің тура есептерін дәл тауып, еншісіне максималды 6 ұпайды салды.

Осылайша соңғы орында келе жатқан Максим Рожин 8 ұпаймен «Е» тобында бірден 2-орынға көтерілді. Ал көш басында 10 ұпаймен «Қайсар» футбол клубының дәрігері Сәкен Дөнесов келеді.

«F» Әміржан Мұқановтың айдарынан жел есіп тұр. Кеше ғана футзалдан Қырғызстан ұлттық құрамасының техникалық директоры болып тағайындалған маман екі ойыннан бес ұпай жинап, Чемпиондар лигасының 3-турын сәтсіз өткізген Руслан Меделбекті артқа тастады.

«G» тобында бәсекелестік қызып тұр. Тур өткен сайын көшбасшы алмасуда. Қазір бірінші орында Ардақ Тоғымов. Дегенмен, журналист Ришад Тұрғанбаев пен футболшы Дидар Сыдықбектің де топ бастаудан дәмесі бар. Ал бұлардың арасында жалғыз ару Аида Батухан әзірге турнир кестесін қорытындылап тұр.

«Н» тобында футбол комментаторы Ермұхамед Мәуленді қуып жету енді оңай болмайтын шығар. Кеше екі ойыннан бес ұпай жинады. Оның алдында да осынша ұпайы бар болатын. Бұрынғыларымен кешегісін қосқанда басты бәсекелесі Әйгерім Сабыралиевадан екі есеге артық жинаған. Бұл топта енді басты тартыс екінші орын үшін өрбуі тиіс. Өйткені, Қазақстан футболының нөмірі бірінші аруын Айдар Күмісбеков пен Асхат Садырбай басып озуы әбден мүмкін.

Мамандар «Болжам-бәйгесінің» Чемпиондар лигасының 3-турынан кейінгі қорытындысы.

«Болжам-бәйгесінің» турнир кестесі:



Чемпиондар лигасы «Болжам-бәйгесінің» ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.   

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика