Вернуться к списку статей

"Ордабасы" – "Қайрат" үшін ыңғайсыз қарсылас – Руслан Меделбек

Футбол
2K
Премьер-лиганың ХХІХ тур ойындарына
Бұл айдар оқырмандар үшін ғана емес, букмекерлерге де таптырмас көмекші.

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасы ХХІХ тур ойындары басталады. Матчтардың қалай өтетіндігі жөнінде өз болжамын бірінші кезеңде 6 ұпай жинап, финалға шыққан «Азаттық» радиосының журналисі Руслан Меделбек ұсынады.

Ертіс – Ақтөбе 1:0

"Ертіс" қатарынан үш ойында жеңіліп, өткен турда ғана "Оқжетпестен" сырт алаңда ұпай алды. Дәл сол қарқында ойнаса, павлодарлықтар өз алаңында "Ақтөбені" жеңуі тиіс. Қазір "Ертіске" үштікке ену үшін әр ұпай маңызды. Сондықтан команда бұл ойында барын салары анық.

Қайрат – Ордабасы 2:0

Шымкенттің командасы "Қайрат" үшін ыңғайсыз қарсылас. Алайда алматылықтар үшін әр матч аса маңызды. Сондықтан "Қайрат" Шымкенттегі жеңілістің есесін Алатаудың баурайында қайтаруы тиіс. Бұл кездесуде Кахабер Цхададзе шәкірттері жауапсыз екі гол салады.

Жетісу – Атырау 1:1

Турнир кестесінің соңында көрші тұрған қос команда қазір деңгейлес. Дегенмен ойын барысында алаң иелері басымдық танытуы мүмкін. Бірақ Талдықорғандағы матч тең аяқталуы тиіс.

Тараз – Ақжайық 1:1

"Тараз" – аутсайдар. Бірақ бұл матчта алаң иесі факторы басты рөл атқаруы мүмкін. "Тараз" үшін бұл матчта тең ойнаудың, бір ұпай алудың өзі жетістік болмақ. Сондықтан алаң иелері бастысы жеңілмеудің қамын ойластырады.

Шахтер – Тобыл 2:1

Қарағандының командасы соңғы үш ойында жеңіске жетті. Демек, бұл дәстүр Қарағандыда жалғасуы тиіс. "Тобыл" да оңай қарсылас емес. Бұл матчта 7-8 орынның тағдыры шешіледі. Егер "Шахтер" жеңсе екінші топта көш бастайды.

Астана – Оқжетпес 2:1

Чемпионат аясында сырт алаңда өткен үш матчта қатар жеңген "Астана" өз алаңында да ұпайдан шашау шығармауы тиіс. Үшінші орынға талпынып жүрген "Оқжетпес" үшін де бұл матчтағы жеңіс өте маңызды. Бірақ "Астана" бұл жолы өз стилінде жеңіске жетіп, чемпиондыққа тағы бір қадам жақындайды.

Ал өткен жолы ел чемпионатының 28-тур ойындарына «Алматы ақшамы» газетінің журналисі Сәкен Сыбанбай болжам жасаған. Алты кездесудің нәтижесі бойынша еншісіне 3 ұпай жазды.

Сәкен Сыбанбайдың ХХVІІІ турға жасаған болжамдарының қорытындысы

Ойындар

С.Сыбанбай болжамы

Ұпай

Тобыл – Жетісу 3:2

3:1

1

Ақжайық – Шахтер 1:2

0:0

0

Ордабасы – Астана 0:1

2:2

0

Оқжетпес – Ертіс 1:4

1:1

0

Атырау – Тараз 1:0

0:1

0

Ақтөбе – Қайрат 0:1

1:2

2

«Болжам-бұрыш» бәйгесіне қатысқан журналистердің рейтиңгі

Орын

Журналист

Ұпай

Тур

1

Түгелбай Бисен

6

ХХV

2

Ермек Төрениязов

5

ХХVI

3

Әділбек Жақанов

4

ХХІV

4

Сәкен Сыбанбай

3

ХХVIII

5-6

Рауан Оқас

2

ХХV

5-6

Арай Ізбай

2

ХХVII

«Болжам-бұрыш» айдарының ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика