Вернуться к списку статей

Біреудің еншісінде 10 ұпай, біреулерде дым да жоқ

Футбол
2K
Еуропа лигасының
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Кеше Еуропа лигасының 2-тур ойындары өтіп, «Болжам-бәйге» бәсекесінің төрт ойыннан кейінгі қорытындысы жасалды.

Кеше екі ойыннан үш ұпай жинағанымен «Бақ.кз» журналисі Бек Төлеуов «А» тобында 3-орыннан ары көтеріле алмады. Мұнда көш тізгінін «айқындық» Ғалым Сүлеймен мен «Натионал Географик Қазақстан» журналының журналисі Арай Ізбай ұстап тұр.

«В» тобындағы төрт «букмекер» үшін де кешегі тур тым сәтсіз болды. «Астана» мен «Олимпиакосқа» сенген олар бірде-бір ұпай еншілей алмады. Нәтижесінде, турнир кестесінде де өзгеріс жоқ.

Екінші тур ойындары «К» тобының «букмекерлері» үшін де сәтті болды деп айта алмаймыз. Шымкенттік Толқын Бакирхужаев пен спорт комментаторы Ермек Төрениязов қана еншілеріне бір-бір ұпайдан жаза алды демесеңіз, Шалқар Естен мен Есей Жеңісұлының болжамдары тура шықпай, турнир кестесінде төмен түсіп кетті.

Ал «L» тобына кілең сәуегейлер жиналған секілді. Бірақ қызылордалық Әділбек Жақановтың жөні бөлек. Екі турдың әрқайсысынан бес ұпайдан жинаған «Қазақстан» ұлттық арнасының Сыр өңіріндегі меншікті тілшісі 10 ұпаймен жеке-дара көш бастап келеді. Сондай-ақ, танымал спорт комментаторы Амангелді Сейітхан да топтан шығудан басты үміткерлердің бірі. Әзірге еншісінде 7 ұпай бар. Алайда, мынадай қарқынмен қазақ спорт журналистикасының саңлағы Жақановтың сәл жаңылысқанын пайдаланып кетейін деп тұр.  

Чемпиондар лигасының ойындары және мамандар болжамы


Еуропа лигасы "Болжам-бәйгесінің" турнир кестесі




Чемпиондар лигасы «Болжам-бәйгесінің» толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика