Вернуться к списку статей

Чемпиондар және Еуропа лигасы – болжам жасау ережелері

Футбол
2K
Чемпиондар лигасының болжам-бәйгесі
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық ойындары кезінде жүргізілетін болжамшылар арасындағы бәйгеміздің жалпы ережелерімен таныс болыңыздар.

Болжам жасау тәртібі

Әр топтағы мамандар, журналистер өз тобындағы ойындарға ғана болжам жасайды. Мысалы, “A” тобына түскен журналистер тек осы топтың ойындарына болжамдарын жазып беріп отырады.

Осы ретте айта кетейік, біздің сәуегейлеріміз екі лигадағы 12 топтың ойындарына болжам жасап отыратын болады. Чемпиондар лигасындағы сегіз тобын толықтай қамтып, Еуропа лигасының 12 тобының ішінен төрт квартетті іріктеп алдық.  

УЕФА Чемпиондар лигасы:

“A” тобы: "Пари Сен-Жермен" (FRA), "Арсенал" (ENG), "Базель" (SUI), "Лудогорец" (BUL);

“B” тобы: "Бенфика" (POR), "Наполи" (ITA), "Динамо" Киев (UKR), "Бешикташ" (TUR);

C” тобы: "Барселона" (ESP), "Манчестер Сити" (ENG), "Боруссия" Менхенгладбах (GER), "Селтик" (SCO);

“D” тобы: "Бавария" (GER), "Атлетико" (ESP), ПСВ (NED), "Ростов" (RUS);

“E” тобы: ЦСКА (RUS), "Байер" (GER), "Тоттенхэм" (ENG), "Монако" (FRA);

“F” тобы: "Реал" (ESP), "Боруссия" Дортмунд (GER), "Спортинг" (POR), "Легия" (POL);

G” тобы: "Лестер Сити" (ENG), "Порту" (POR), "Брюгге" (BEL), "Копенгаген" (DEN);

“H” тобы: "Ювентус" (ITA), "Севилья" (ESP), "Лион" (FRA), "Динамо" Загреб (CRO).

УЕФА Еуропа лигасы:

“B” тобы: "Олимпиакос" (GRE), АПОЕЛ (CYP), "Янг Бойз" (SUI), "Астана" (KAZ);

“A” тобы: "Манчестер Юнайтед" (ENG), "Фенербахче" (TUR), "Фейеноорд" (NED), "Заря" (UKR);

“K” тобы: "Интер" (ITA), "Спарта" Прага (CZE), "Саутгемптон" (ENG), "Хапоэль" Беэр-Шева (ISR);

Төртінші топ жеребе тарту кезінде анықталады.

Ұпай есептеу ережесі

Чемпиондар лигасында да, Еуропа лигасында да әр топта екі матчтан алты тур өтеді. Яғни біздің болжамшыларымыз да екі ойыннын алты рет, барлығы 12 матчқа болжам жасайды. Осы ойындарда еншілеген ұпайларын қосып, әр тур сайын қорытындылап отырамыз.

  • Ойын нәтижесін (есебін) дәл тапқан адамға – 3 (үш) ұпай /мысалы, 2:1 немесе 1:1 болып аяқталған матчты 2:1 немесе 1:1 деп, дәл шешу/;
  • Қай команданың жеңетіндігін және доп айырмасын дұрыс тапқан адамға – 2 (екі) ұпай /мысалы, 3:1 болып аяқталған матчты 2:0 немесе 4:2 деп нобайлау/
  • Ойынның қалай аяқталатындығын, яғни қайсысының жеңетіндігін немесе екеуінің тең түсетіндігін тапқан адамға – 1 (бір) ұпай /мысалы, 1:0 немесе 0:0 есебімен аяқалған матчты 3:1 немесе 2:2 деп нобайлау/

Плей-оффқа кімдер шығады?

Чемпиондар лигасының ойындарына болжам жасағандар арасында плей-оффқа (1/8 финалына) өз топтарында бірінші және екінші орын алғандар шығады (яғни 16 адам).

Ал Еуропа лигасының матчтарына болжам жасағандар арасында плей-оффқа, яғни 1/16 финалына шығатындар:

  • Еуропа лигасы ойындарына болжам жасағандар арасында өз топтарында  1-3 орындарға ие болғандар (12 адам):
  • «Чемпиондар лигасы» болжам бәйгесінд өз топтарында 3-4 орындарды қанағат тұтқандар (16 адам);
  • Қазақстан чемпионатының премьер-лигасының әр турына болжам жасап жүргендердің үздіктері (4 адам).

Плей-оффқа кімдердің шығатындығын мына сілтемедегі арнайы сұлбалардан да көріп, танысуға болады.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика