Вернуться к списку статей

Рауан Оқас – "Тобылдың" ойыны көңілден шығып жүр

Футбол
2K
Рауан Оқас - Универсиада-2017 ҰК баспасөз қызметі
Бұл айдар оқырмандар үшін ғана емес, букмекерлерге де таптырмас көмекші.

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасы ХХV тур ойындары басталады. Матчтардың қалай өтетіндігі жөнінде өз болжамын бірінші кезеңде 6 ұпай жинап, финалға шыққан алматылық спорт журналисі Рауан Оқас ұсынады.

«Ордабасы» – «Қайрат» 1:3

«Ордабасы» өз алаңында барын салып ойнайды. Оны жеңу өте қиын. Дегенмен, «Қайрат» өзінің үш ұпайын алады. Есеп: 1:3.

«Ақжайық» – «Тараз» 1:1

Екі аутсайдердің кездесуі деп айтсақ болады. Оралдық ұжым өз алаңында ойнаған соң, тең түседі деп есептеймін. Тараз бір ұпай алады. Есеп: 1:1.

«Тобыл» – «Шахтер» 3:1

Тобылдың ойыны көңілімнен шығып жүр. Өздеріне қонаққа келетін Шахтерді екі доп айырмасымен жеңуі тиіс. Есеп: 3:1.

«Атырау» – «Жетісу» 1:0

Бұл екі ұжым турнир кестесіне жақын орналасқан. Екеуінің арасындағы ойында басымдықты Атырауға беремін. Есеп:1:0.

«Ақтөбе» - «Ертіс» 1:2

«Ақтөбе» «Ертіске» тәп-тәуір қарсыласар деген ойдамын. Алайда, басымдықты павлодарлық командаға бергім келеді. Есеп: 1:2.

«Оқжетпес» – «Астана» 1:1

Елордалық команда үшін бұл апта өте қиын өтті. Беларуське сапарлап қайтты. Менің ойымша Көкшетауда есеп тең болады. Дәлірек айтсам, 1:1.

Ал өткен жолы ел чемпионатының 24-тур ойындарына Сыр өңірінің спорт журналисі Әділбек Жақанов болжам жасаған. Алты кездесудің нәтижесі бойынша еншісіне 4 ұпай жазды.

Әділбек Жақановтың ХХIV турға жасаған болжамдарының қорытындысы

Ойындар

Ә.Жақановтың болжамы

Ұпай

Ертіс – Оқжетпес 0:2

1:1

0

Қайрат – Ақтөбе 3:1

3:0

1

Жетісу – Тобыл 2:0

1:2

0

Шахтер – Ақжайық 0:1

3:1

0

Астана – Ордабасы 2:0

1:0

1

Тараз – Атырау 1:0

2:1

2

«Болжам-бұрыш» бәйгесіне қатысқан журналистердің рейтиңгі

Орын

Журналист

Ұпай

Тур

1

Түгелбай Бисен

6

ХХV

2

Әділбек Жақанов

4

ХХІV

«Болжам-бұрыш» айдарының ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика