Вернуться к списку статей

Түгелбай Бисен – "Ақтөбенің" алғашқы алтылыққа қалай шығып кеткеніне әлі таңғалып жүрмін

Футбол
2K
Журналистер
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Бүгін Премьер-лиганың екінші кезеңі басталады. Яғни, 23-тур. Біздің «Болжам-бәйгеміз» де екінші кезеңін бастайды. Финалға шыққан қатысушылардың ішінде төрт ұпай жинаған оралдық журналист Түгелбай Бисеннің бұл турға жасаған болжамы мынадай.

Астана – Ертіс 2:1

Чемпиондар лигасында «кельттерге» жол берген елордалықтар одан соң «Шахтерден» ұтылды. Қазір Стойлов пен оның командасының жолына тұрмаған жақсы. Өйткені тағы жеңілсе, жанкүйерлер кешірмеуі мүмкін. Сондықтан «Ертісті» қалай да ұтулары керек. Оның үстіне Димитар бапкердің жігіттері соңғы уақытта қарқындарын тежегендей көрінеді.

Оқжетпес – Қайрат 0:2

«Қайрат» чемпион атанғысы келсе сүрінбеуі керек. Өйткені әр тең ойынның өзі алматылықтарға жеңіліспен пара-пар. Оның үсіне, Еуропа лигасынан ұшып кетті. Сондықтан Жерар Гоу мен компания аздап ренжіп жүрген жанкүйерлерінің көңілін табу үшін бар күшін ішкі біріншілікке салады.

Ақтөбе – Ордабасы 1:0

Өзім «Ақтөбенің» жанкүйері болған соң сүйікті ұжымымның алғашқы алтылықта қалғанына қуанып та қалдым. Бірақ, Өткелбаевтың қол астында жаттығатын жігіттердің алғашқы алтылыққа қалай ілінгеніне әлі таң қалып жүргенімді де жасыра алмаймын. Бар білермім, «Ақтөбе» өз алаңында ешкімге жеңілмейді.

Шахтер – Тараз 3:1

Бапкерін ауыстырған «Шахтер» «Астанаға» екі гол соқты. Қазір команда өз күшіне сенді. Енді тек арттағы алтылықтағы орнын нығайтып, келесі жылға жоспар құру ғана қалды. Бір кездері чемпион атанған, «Селтикті» ұтқан команданы екінші алтылықтан көру ыңғайсыздау екен. Қандай қиын кезең болса да кеншілер өз алаңында жеңілгенді ар санайды.

Ақжайық – Жетісу 2:1

Ойын фавориті кім екені айтпаса да түсінікті. Дегенмен Орал командасы тағы да Бірінші лигаға түсіп қалғысы келмейді. Сондықтан «Ақжайық» ойыншылары барын салатын болады. Оның үстіне, бапкер ауыстырған команда бір сілкініп қалатыны тағы бар.

Тобыл – Атырау 2:0

Екінші алтылыққа енбей қалған «Тобылдың» күйін ешкімге бермесін. Осы маусымда қостанайлықтар алғашқы алтылыққа лайық еді. Қайтеміз енді. Қайтадан «Тобылдың» ағаш медаль алғанын қараймыз. Осы турда бар ашуын Атыраудан алатын секілді.

«Болжам-бәйгенің» ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика