Ертең Қазақстан Премьер-лигасы ХХІІ тур ойындары басталады. Матчтардың қалай өтетіндігі жөнінде өз болжамын «Жас Алаш» газетінің спорт редакторы Қуаныш Нұрданбек ұсынады.
«Қайрат» – «Тараз» 2:0
22-турда Алматының «Қайраты» «Таразды» қабылдайды. Биылғы ел чемпионатының 1-турында «Тараз» «Қайратты» 2:1 есебімен ұтқан-ды. Кахабер маманның командасына енді тек жеңіс қана керек. Еуропа лигасындағы сапарын аяқтады. Былтырғы біріншілікте тізеге басып күштеп жіберудің кесірінен чемпиондықтан айырылды. «Қайраттың» қаһарына мініп, ел чемпионы атанбағанына да бір мүшел мерзім өтті. Биылғы додада қарсыластарының қақпасына ең көп гол (47 гол), өз алаңындағы ойындарда ең көп гол (26), сыртта өткізген тартыста да ең көп гол (21) соғып келе жатқан – Алматының «Қайраты». Көш басындағы «Астанадан» он ұпай кем жинаған алматылықтарға аянатын ештеңе қалған жоқ. Еурокубоктық сайыс деп алаңдамайды. Айтпақшы бұл матчқа пенальти тепкізуде қазымырлық танытпайтын «қолы ашық» астаналық төреші Марат Ысқақов қазылық етеді.
«Оқжетпес» – «Ертіс» 2:2
Бұл екі ұжым да Премьер-лиганың 1-турында жолығып, Павлодарда «Ертіс» футболшылары Малыйдың 41-минутта соққан голының арқасында ұтқан болатын. Әзірге екі ұжым да турнир кесетесінде іркес-тіркес тұр.
«Ақжайық» – «Тобыл» 1:2
«Қара ешкіге жан қайғы, қасапшыға мал қайғы» демей ме қазақ. Оралдық клуб өз алаңында әрине жеңілмеудің қамы үшін барын салады. Көш соңында тұрған ұжымның басты қаупі Премьер-лигадан шығып қалмау. 21-турда «Оқжетпеске» есе жіберіп, жанкүйерлерін жабырқатқан «Тобыл» футболшылары жеңіске жетуі тиіс.
«Атырау» – «Жетісу» 2:0
Өткен турда ел чемпионы «Астанаға» есе жіберген «Атырау» турнир кестесінде өзінен бір саты төмен тұрған талдықорғандық «Жетісудің» шама-шарқын байқайды. Бұған дейін екі клуб 1-турда тоқайласып тең нәтижемен тарқасқан болатын.
«Ақтөбе» – «Ордабасы» 2:0
Алтылыққа енген екі ұжым үшін де ұпай маңызды. Әсіресе басынан дау арылмаған шымкенттік клуб үшін бұл тартыста жеңіс ауадай қажет. 21-турда «Ордабасы» футболшылары «Тараздан» 0:3 есебімен күйрей жеңілді. бапкерлер қосынынандағы бірнеше маман қызметінен кетті. Клубтың бас бапкері Бақтияр Байсейітовтің де ұйқысы тыныш емес. Өйткені жанкүйерлер «Ордабасы» клубы футболшыларының ойын жүйесі өрлеудің орнынан қайраңға тартып бара жатқанын айтып, бас бапкермен айтысуға дейін барды. «Ақтөбе» клубы да үшттіке ілінуден дәмелі. Сондықтан 22-турда барын салады.
Өткен жолы ел чемпионатының 21-тур ойындарына алматылық спорт журналисі Ақын Ордабай болжам жасаған. Алты кездесудің нәтижесі бойынша еншісіне 10 ұпай жазды.
Ақын Ордабайдың ХХІ турға жасаған болжамдарының қорытындысы | ||
Ойындар | А.Ордабайдың болжамы | Ұпай |
Астана – Атырау 2:1 | 1:0 | 2 |
Жетісу – Ақжайық 2:0 | 2:0 | 3 |
Тобыл – Оқжетпес 0:1 | 1:1 | 0 |
Ордабасы – Тараз 0:3 | 2:1 | 0 |
Ертіс – Қайрат 2:3 | 1:2 | 2 |
Ақтөбе – Шахтер 2:0 | 2:0 | 3 |
«Болжам-бұрыш» бәйгесіне қатысқан журналистердің рейтиңгі | |||
Орын | Журналист | Ұпай | Тур |
1 | Ермұхамед Мәулен | 11 | VI |
2 | Ақын Ордабай | 10 | ХХІ |
3 | Жандос Айтбай | 8 | ХVIII |
4 | Қанат Базылхан | 7 | ХХ |
5-6 | Руслан Меделбек | 6 | ХІV |
5-6 | Сәкен Сыбанбай | 6 | Х |
6-7 | Арай Ізбай | 5 | ХІІ |
6-7 | Рауан Оқасов | 5 | ІХ |
8-11 | Ермек Төрениязов | 4 | VIII |
8-11 | Әділ Жақанов | 4 | ХІІІ |
8-11 | Руслан Бақытжан | 4 | ХV |
8-11 | Түгелбай Бисен | 4 | ХVII |
12-13 | Ғабит Сапарбеков | 3 | VII |
12-13 | Төлеубек Әділбекұлы | 3 | V |
14-16 | Нұржан Туғанбай | 2 | ХІ |
14-16 | Бек Төлеуов | 2 | XVI |
14-16 | Мақсат Сіләмбек | 2 | ХІХ |
17 | Есей Жеңісұлы | 1 | IV |
«Болжам-бұрыш» айдарының ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.