Вернуться к списку статей

Қанат Базылхан – "Астананың" шоқтығы өзгелерден әлдеқайда биік

Футбол
1K
Қанат Базылхан (
Бұл айдар оқырмандар үшін ғана емес, букмекерлерге де таптырмас көмекші.

Ертең Қазақстан Премьер-лигасы ХХ тур ойындары басталады. Матчтардың қалай өтетіндігі жөнінде өз болжамын «Хабар» телеарнасының спорт редакторы Қанат Базылхан ұсынады.

«Ақжайық» – «Астана» 0:1

Ел чемпиондары тур өткен сайын өзге командалардан шоқтығы әлдеқайда биік екенін дәлелдеуде. Басты қарсыластармен арадағы ұпай айырмасын жіті назарда ұстаған «Астана» бұл турда да жүрісінен жаңылмау керек. «Ақжайық» та анау айтқандай қарсылас емес. Бірақ орта жолда бапкер ауыстырған команда ширығып, біраз қарсыласары анық. Келесі аптада Литвалық «Жальгириспен» чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде сынға түсетін Стойлов шәкірттері Еурокубок додасын көбірек ойлайтыны белгілі. Тіпті жарақаттан аулақ болу үшін негізгі құрамдағы жігіттердің кейбірі алаңға шықпауы да мүмкін. Сондықтан бұл ойын аса нәтижелі болмайтын шығар. Алайда 1:0 есебімен «Астана» жеңеді.

«Тараз» - «Ертіс» 1:2

Биылғы маусымды сәтті бастаған «Ертістің» ұпай жоғалтуы екіталай. «Астананы» ұзатпай, өкшелеп келе жатқан «Қайраттан» қалмау үшін Димитров шәкірттері барын салады. Тұралап қалған «Тараз» да соншалықты азулы қарсылас емес. Дегенмен сырт алаңда «Шахтердің» осал тұсын тапқан Жамбылдық ұжымның кем дегенде бір гол соғуға шамасы жетеді.

«Шахтер» - «Ордабасы» 1:1

«Шахтердің» аудсайдер атанғаны бүгін емес. Еуропа лигасының топтық кезеңінде доп тепкен командада баяғы қарқын да, ойын да жоқ. «Ордабасы» биылғы Еуропа лигасын сәтсіз бастады. Маусымаралық ауыс-түйісте Байсейітов командасы бірнеше футболшысын өзге командаларға жіберіп қойды. Осы өзгерістер команданың ойынына да әсер етіп, Шымкенттік команда бұл турда жалғыз ұпайға қанағат білдіреді деп ойлаймын.

«Оқжетпес» - «Жетісу» 2:1

Өткен турда «Қайратпен» тең ойнаған «Жетісу» сырт алаңда «Оқжетпесті» ұтады деу қиын. Мұқанов жігіттері «Астанамен» соңғы минуттарға дейін лайықты қарсылық көрсетіп, өз мықтылығын дәлелдей түсті. Сондықтан үздік алтылықтан ойып тұрып орын алған команда анда-санда жақсы ойнайтын Алматы облысының командасын ұтады деп сенемін. «Жетісу» ары кетсе бір гол соғар.

«Қайрат» - «Тобыл» 2:0

«Қайраттың» қарқынына төтеп беретін жалғыз команда – «Астана». Елордалықтар да Алматыдан ұпайсыз қайтты. Сондықтан дәл қазір Алматылықтар ұпайдан шашау шығармауға тырысады. Ойыншылардың деңгейі де екі доптан көп гол соғуға жетеді. Алтылыққа таласып келе жатқан «Тобылдың» Алматыдан ұпай алуы екіталай іс.

 «Атырау» - «Ақтөбе» 1:1

Батыс дербиінде ұпайға талас күшті болары анық. Турнир кестесінде де көрші тұрған командалардың ойыны тартысты өтетіні белгілі. «Ақтөбенің» Еуропа лигасындағы кездесуі ойын сапасына да әсер етіп, сырт алаңнан шаршап қайтқан футболшылар «Атыраумен» тең түсіп жатса да жаман емес. «Атырау» бірде ұтып, бірде ұпай сыйлап жүрген команда. Бұл жолы екеуіне тең ойын жеткілікті.

Ал өткен жолы ел чемпионатының 19-тур ойындарына «Алматы» телеарнасының журналисі Мақсат Сіләмбек болжам жасаған. Алты кездесудің нәтижесі бойынша еншісіне 4 ұпай жазды.

Мақсат Сіләмбектің ХІХ турға жасаған болжамдарының қорытындысы

Ойындар

М.Сіләмбектің болжамы

Ұпай

Шахтер – Тараз 0:1

3:2

0

Жетісу – Қайрат 1:1

0:0

1

Ордабасы – Атырау 2:1

3:1

1

Тобыл – Ертіс 3:2

1:1

0

Ақтөбе – Ақжайық 1:0

2:2

0

Астана – Оқжетпес 1:0

0:1

0

«Болжам-бұрыш» бәйгесіне қатысқан журналистердің рейтиңгі

Орын

Журналист

Ұпай

Тур

1

Ермұхамед Мәулен

11

VI

2

Жандос Айтбай

8

ХVIII

3-4

Руслан Меделбек

6

ХІV

3-4

Сәкен Сыбанбай

6

Х

5-6

Арай Ізбай

5

ХІІ

5-6

Рауан Оқасов

5

ІХ

7-10

Ермек Төрениязов

4

VIII

7-10

Әділ Жақанов

4

ХІІІ

7-10

Руслан Бақытжан

4

ХV

7-10

Түгелбай Бисен

4

ХVII

11-12

Ғабит Сапарбеков

3

VII

11-12

Төлеубек Әділбекұлы

3

V

13-15

Нұржан Туғанбай

2

ХІ

13-15

Бек Төлеуов

2

XVI

13-15

Мақсат Сіләмбек

2

ХІХ

15

Есей Жеңісұлы

1

IV

«Болжам-бұрыш» айдарының ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика