Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Финалға Португалия мен Руслан Меделбек шықты

Футбол
1K
Еуро-2016. Журналистер Болжам-бәйгесі
Португалия – Уэльс кездесуіне Руслан Меделбек пен Ардақ Тоғымов болжам жасады.

«Еуро-2016» додасының алғашқы финалисі анықталды. Жартылай финалда Уэльс құрамасының қақпасына екі гол соққан Криштиану Роналду бастаған Португалия енді 10 шілде күні бас жүлдеге таласады.

Сонымен қатар, журналистер арасындағы «Болжам-бәйге» бәсекесінде де ақтық сынға шыққан алғашқы қатысушымыз анықталды. Бұл матчқа «аламандық» Руслан Меделбек пен Штаттағы ұлттық командалар дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымов болжам жасаған болатын. Екеуі келісіп алғандай матч нәтижесін бірдей пайымдапты. Олардың пікірінше, ойын қосымша уақытқа дейін жалғасып, жеңімпаз овер-таймда анықталуы тиіс болған. Дегенмен, екінші таймда екі гол соққан пиренейліктер жартылай финал тағдырын негізгі уақытта-ақ шешіп тастады. Ал «болжам-бәйгеде» финалға Руслан Меделбек шықты. Ол бірінші тайм голсыз өтеді деп, үзіліске дейінгі есепті дәл болжаған болатын. Енді ол өз қарсыласын күтетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Болжам-бәйге» бәсекесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Португалия – Уэльс 2:0

Болжамшылар

Ойын есебі

Негізгі уақыт

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Руслан Меделбек

2:1

1:1

1:0

Х

0:0

Роналду, Куарежма, Нани – Бэйл

Х

Х

1-2

Ардақ Тоғымов

2:1

1:1

1:0

Х

1:0

Роналду, Ренату Саншеш – Бэйл

Х

Х

2:2

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика