Соңғы болып жолдамаға Еркін Шәкірұлы қол жеткізді. «Қазақстан» ұлттық арнасының журналисі Франция – Исландия матчына «нұр отандық» Еламан Қоңырмен бірге болжам жасаған. Екеуі де жеңімпазды дұрыс тапты. Сондықтан, қосымша көрсеткіштерге жүгінуге тура келді. Бірақ Еркіннің де, Еламанның да қосымша көрсеткіштері дөп келмегендіктен «Болжам-бәйгенің» плей-офф кезеңіндегі ережесінің IV бап 3-ші (а) және 4-ші тармақшаларына назар аударуға тура келді де, жартылай финалдың соңғы жолдамасын Еркін Шәкірұлы жеңіп алғаны мәлім болды.
Жалпы, Еркін Шәкірұлы осы Еуропа чемпионатындағы Португалия құрамасы секілді. Топтық кезеңнен небәрі 3 ұпаймен іркіліп шығып, 1/8-финалда Роза Әренді қосымша көрсеткіштер бойынша ұтқан. Енді міне, Еламан Қоңырды да пенальти сериясы, яғни қосымша көрсеткіштер арқылы жеңіп отыр.
Осылайша, жартылай финалда Уэльс – Португалия матчына Руслан Меделбек пен Ардақ Тоғымов болжам жасаса, Германия – Франция кездесуіне Ришад Тұрғанбаев пен Еркін Шәкірұлы пайымдарын жасайды.
"Болжам-бәйгенің" плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Франция – Исландия 5:2 | ||||||||
Болжамшылар | Ойын есебі | Экстра-тайм | Пенальти сериясы | 1-тайм | Гол авторлары | Матчтағы пенальти | Қызыл қағаз | Сары қағаз |
Еркін Шәкір | 3:1 | Х | Х | 2:0 | Пайе, Жиру, Гризманн – Бьярноссон, Сигурдсон, Сигторссон | Х | 0-1 | 1-3 |
Еламан Қоңыр | 2:1 | Х | Х | 0:0 | Пайе, Жиру, Гризманн – Гудмундссон, Сигторссон, Гуннарссон | Х | Х | 2:3 |