Кеше «D» тобындағы бірінші ойында Хорватия құрамасы 2:0 есебімен ұтып жатып, чехтарға таразы басын теңестіруге мүмкіндік беріп қойды. Ал біздің болжамшыларымыздың барлығы хорваттардың жеңісіне бәс тіккендіктен бұл матчтан ешкім де ұпай ала алмады.
Испания – Түркия кездесуінің нәтижесін Ермек Төрениязов дәл болжап, енщісіне үш ұпай жазды. Қалғандары Еуропаның соңғы чемпиондары екі гол айырмашылығымен жеңіске жетеді деп ойлаған екен, нәтижесінде матч қорытындысын тапқандары үшін бір-бір ұпайдан бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.
«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.