Вернуться к списку статей

Руслан Бақытжан – "Оқжетпес" ағылшынның "Лестері" секілді

Футбол
2K
Руслан Бақытжан -
Бұл айдар оқырмандар үшін ғана емес, букмекерлерге де таптырмас көмекші.

Ертең Қазақстан Премьер-лигасы ХІV тур ойындары басталады. Матчтардың қалай өтетіндігі жөнінде өз болжамын спорт комментаторы Руслан Бақытжан ұсынады.

Ақжайық – Тараз 1:0

Екі ұжым да турнир кестесінің түбінде тұр. Кездесуде "Ақжайық" минималды басымдықпен жеңіске жетеді. Есеп 1:0.

Ақтөбе – Тобыл 1:1

Осыдан 5-6 жыл бұрын екі ұжым Қазақстан чемпионатындағы ең мықты клубтардың қатарында болатын. Қос команда арасындағы тартысты матчты "Ел классикасы" деп те атайтын. Бүгінгі таңда "Ақтөбе" мен "Тобылдың" жай-күйін көзі қарақты оқырман өте жақсы біледі. Сол үшін тек ойынның есебін айтайын. Есеп 1-1.

Атырау – Оқжетпес 1:1

Соңғы кездері Ақмола облысының командасын ағылшынның "Лестерімен" салыстырып жүр. Владимир Мұханов футболда тек қаржы шешпейтінін дәлелдеп келеді. Футболшыларының потенциалын максимум пайдаланатын ресейлік маманның тәлімгерлері шабуылдаушы стильді ұтымды пайдаланады. "Атыраудың" жаңа бапкері болгариялық Стойчо Младенов командаға жаңа серпін берері сөзсіз. Бірақ, бұл ойында тең ойын тіркелуі тиіс. 1-1.

Ордабасы – Ертіс 1:2

Соңғы кездері Бақтияр Байсейітов баптайтын шымкенттіктердің ойыны ала-құла. Күннің ыстық болуына қарамастан "Ертіс" жеңіске жетеді. 1-2.

Шахтер – Қайрат 1:3

Қытай – Қазақстан кездесуіне ойыншыларын жібермеген алматылықтар аталмыш матчтың фавориті. Ішкі біріншілікте қатарынан 6 матч ұтылмаған "Қайрат" жеңіске жетеді. Дегенімен "кеншілер" кемінде 1 доп салуы тиіс. 1:3

Астана – Жетісу 2:0

Чемпиондар Лигасының басталуына аз уақыт қалғанда Станимир Стоилов мырза неғұрлым көп ұпай алуды көздейді. Себебі, командасы үш майданда қатар өнер көрсетпек (ЧЛ, ҚР Премьер-Лига, ҚР Кубогі). "Астана" жеңіске жетеді. 2-0.

Ал өткен жолы ел чемпионатының 14-тур ойындарына алматылық спорт журналисі Руслан Меделбек болжам жасаған. Алты кездесудің нәтижесі бойынша еншісіне 6 ұпай жазды.

Руслан Меделбектің ХІV-турға жасаған болжамдарының қорытындысы

Ойындар

Р. Меделбектің болжамы

Ұпай

Оқжетпес – Ақжайық 4:2

2:1

1

Тараз – Астана 0:2

0:1

1

Жетісу – Ақтөбе 1:1

1:1

3

Тобыл – Ордабасы 1:0

1:1

0

Ертіс – Шахтер 0:0

2:0

0

Қайрат – Атырау 5:2

2:0

1

«Болжам-бұрыш» бәйгесіне қатысқан журналистердің рейтиңгі

Орын

Журналист

Ұпай

Тур

1

Ермұхамед Мәулен

11

VI

2-3

Руслан Меделбек

6

ХІV

2-3

Сәкен Сыбанбай

6

Х

4-5

Арай Ізбай

5

ХІІ

4-5

Рауан Оқасов

5

ІХ

6-7

Ермек Төрениязов

4

VIII

6-7

Әділ Жақанов

4

ХІІІ

8-9

Ғабит Сапарбеков

3

VII

8-9

Төлеубек Әділбекұлы

3

V

10

Нұржан Туғанбай

2

ХІ

11

Есей Жеңісұлы

1

IV

«Болжам-бұрыш» айдарының ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика