Вернуться к списку статей

Руслан Меделбек – "Ақтөбе" мен "Жетісу" деңгейлес командалар

Футбол
2K
Руслан Меделбек Премьер-лиганың 14-турына өз болжамын жасады
Бұл айдар оқырмандар үшін ғана емес, букмекерлер үшін де пайдалы.

Ертең Қазақстан Премьер-лигасы ХІV тур ойындары басталады. Матчтардың қалай өтетіндігі жөнінде өз болжамын алматылық спорт журналисі Руслан Меделбек ұсынады.

Жетісу – Ақтөбе 1:1

Қазіргі ойын мәнеріне қарасақ “Ақтөбе” мен “Жетісудың” деңгейі шамалас. “Шахтер” соңғы үш турда қарсыластарын жеңгенін ескерсек осы турда да жеңілмеуі тиіс.  Талдықорғандағы ойын қос команданың тең нәтижесімен аяқталады.

Ертіс – Шахтер 2:0

Дәл қазір “Ертіс” пен “Шахтердің” шама шарқын салыстыруға келмес. “Ертіс” - лидерлікке таласушы. “Шахтер” – соңғы орыннан сытылып, үздік ондыққа талпынушы клуб. “Ертіс” өз алаңында жанкүйерлерінің сенімін ақтап, аутсайдерлердің бірін оңай жеңу керек.

Қайрат – Атырау 2:0

Алматылық клуб өз алаңындағы соңғы матчтарда жанкүйерлерін ренжітіп жүрген жоқ. Бұл дәстүр осы турда да жалғасып, “Қайрат” “Атырауды” еш қиындықсыз жеңуі тиіс. Себебі қазір “Қайраттың” физикалық, әрі тактикалық мүмкіндігі “Атыраудан” әлдеқайда жоғары және бір қалыпқа түскен.

Оқжетпес – Ақжайық 2:1

“Ақжайық” үшін Көкшетаудағы ойында жеңіске жетуі қиын. Бірақ бұл матчта ірі есеп тіркелмейді. “Оқжетпес” турнир кестесіндегі орнын нығайту үшін өз алаңында қарсыластарына қонақжайлық таныта қомас.

Тараз – Астана 0:1

“Астана” бұл матчта да нәтижеге ойнайды. “Тараз” былтырғы чемпиондарын жеңу үшін немесе тең нәтижеге қол жеткізу үшін барын салар. Бірақ “Астананың” қазіргі қарқыны “Тараздың” бұл жоспарына мүмкіндік бермес. “Астана” бір доп салса да бұл матчтан үш ұпай алады.

Тобыл – Ордабасы 1:1

Букмекерлік кеңселер бұл матчта “Ордабасының” жеңісіне көп сенер. Алайда жаңа бапкер Омари Тетрадзенің алғашқы ойынында “Тобыл” жеңіле қоймас.  Бірақ жеңуі де қиын. Менің ойымша, бұл матчта қос команда ұпай бөліседі.

Ал өткен жолы ел чемпионатының 13-тур ойындарына Сыр өңірінің спорт журналисі Әділ Жақанов болжам жасаған. Алты кездесудің нәтижесі бойынша еншісіне 5 ұпай жазды.

Ойындар

Ә. Жақановтың болжамы

Ұпай

Ордабасы – Жетісу 0:1

1:0

0

Шахтер – Тобыл 1:0

1:2

0

Қайрат – Ақжайық 3:2

3:0

1

Оқжетпес – Тараз 0:0

2:0

0

Атырау – Ертіс 0:1

1:1

0

Ақтөбе – Астана 0:1

0:1

3

«Болжам-бұрыш» бәйгесіне қатысқан журналистердің рейтиңгі

Орын

Журналист

Ұпай

Тур

1

Ермұхамед Мәулен

11

VI

2

Сәкен Сыбанбай

6

Х

3-4

Арай Ізбай

5

ХІІ

3-4

Рауан Оқасов

5

ІХ

5-6

Ермек Төрениязов

4

VIII

5-6

Әділ Жақанов

4

ХІІІ

7-8

Ғабит Сапарбеков

3

VII

7-8

Төлеубек Әділбекұлы

3

V

9

Нұржан Туғанбай

2

ХІ

10

Есей Жеңісұлы

1

IV

«Болжам-бұрыш» айдарының ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика