Вернуться к списку статей

“Астана” мен “Қайрат” жеңеді, “Қайсар” тең түседі – Асқар Ағатаев

Футбол
2K
Суретте – aktausport.kz спорт порталынын бас редакторы Асқар Ағатаев
Қазақстан премьер-лигасының ертең өтетін V турдағы ойындарына Асқар Ағатаев болжам жасайды.

ХVІІІ турдың ертерек өткізілген екі ойынына «Егемен Қазақстан» газеті спорт бөлімінің редакторы Қайрат Әбілдинов болжам жасаған. Оның қорытындысын осы турдың қалған төрт матчы өткен соң шығарамыз.

Ал V турдың ертеңгі ойындарына aktausport.kz спорт порталынын бас редакторы Асқар Ағатаев болжам жасайды. Қысқа да нұсқа:

«Шахтер – «Қайрат» – 0:3  

Алматының «Қайраты қатарынан төрт рет тең түсті. Дегенмен, Қарағандыда алматылықтар оңай жеңіске жетеді.

«Ақтөбе» – «Ақжайық» – 1:0  

Бұл екі команда чемпионат кестесінде іркес-тіркес орналасқан. Бұл ойында көп гол соғылмайды. Ойын тағдырын бір доп қана шешеді.

«Атырау» – «Астана» – 1:2

Атыраулықтарға қарағанда, былтырғы ел чемпионы – тәжірибесі мол команда. «Астана» басым түсіп, түзден тағы үш ұпай олжалайды.

«Қайсар» – «Тобыл» – 1:1

Әзірше бұл екі команда турнир кестесінің басында тұр. Екеуара ойынның тартысты өтетініне еш күмәнім жоқ. Әрі ойын тең есеппен аяқталады деп ойлаймын.

«Тараз» – «Ордабасы» – 0:2  

«Ордабасы» чемпионтты қарқынды бастады, көш бастап келеді. «Тараз» футболшыларына оңтүстікқазақстандықтарды тоқтату қиынға соғады.

«Оқжетпес» – «Ертіс» – 1:1

Алаңның сапасы жаман болса, ойыншылар өрнекті ойын үлгісін көрсете алмайды. Сондықтан кездесу тең аяқталады.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика