Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Еркін Шәкір Португалия құрамасы секілді

Футбол
2K
Еуро-2016: Журналистер
Журналистер «Болжам-бәйгесінің» ширек финалдық кезеңі толық аяқталып, жартылай финалға жолдама алған төрт қатысушымыз да анықталды.

Соңғы болып жолдамаға Еркін Шәкірұлы қол жеткізді. «Қазақстан» ұлттық арнасының журналисі Франция – Исландия матчына «нұр отандық» Еламан Қоңырмен бірге болжам жасаған. Екеуі де жеңімпазды дұрыс тапты. Сондықтан, қосымша көрсеткіштерге жүгінуге тура келді. Бірақ Еркіннің де, Еламанның да қосымша көрсеткіштері дөп келмегендіктен «Болжам-бәйгенің» плей-офф кезеңіндегі ережесінің IV бап 3-ші (а) және 4-ші тармақшаларына назар аударуға тура келді де, жартылай финалдың соңғы жолдамасын Еркін Шәкірұлы жеңіп алғаны мәлім болды.

Жалпы, Еркін Шәкірұлы осы Еуропа чемпионатындағы Португалия құрамасы секілді. Топтық кезеңнен небәрі 3 ұпаймен іркіліп шығып, 1/8-финалда Роза Әренді қосымша көрсеткіштер бойынша ұтқан. Енді міне, Еламан Қоңырды да пенальти сериясы, яғни қосымша көрсеткіштер арқылы жеңіп отыр.  

Осылайша, жартылай финалда Уэльс – Португалия матчына Руслан Меделбек пен Ардақ Тоғымов болжам жасаса, Германия – Франция кездесуіне Ришад Тұрғанбаев пен Еркін Шәкірұлы пайымдарын жасайды. 

"Болжам-бәйгенің" плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.  

Франция – Исландия 5:2

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Еркін Шәкір

3:1

Х

Х

2:0

Пайе, Жиру, Гризманн – Бьярноссон, Сигурдсон, Сигторссон

Х

0-1

1-3

Еламан Қоңыр

2:1

Х

Х

0:0

Пайе, Жиру, Гризманн – Гудмундссон, Сигторссон, Гуннарссон

Х

Х

2:3


Журналистер Болжам-бәйгесі

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика