Бұл кездесуге Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов пен қала әкімі Базыл Жақыпов қатысыпты. Облыс әкімі биыл команда құрамының әлеуеті зор ойыншыларымен жасақталғандығын, команда сапындағы 23 футболшының шамамен 16-сы әлі 27-ге толмағандығына айрықша көңіл аударған.
Ал клуб басшыларымен, бапкерлерімен және футболшылармен өткен кездесуде жанкүйерлер өзекті сұрақтар қойып, команданың жағдайына алаңдайтындықтарын білдірген. Тіпті Нұрбол Жұмасқалиев мәселесі тағы да “көселген”:
Сұрақ:
– Жұмасқалиевтің 9-шы нөмірін Темирлан Эльмурзаевқа бергендеріңізді қалай түсінуге болады? Нұрболдың орны бөлек, сондықтан оның жейдесін мұрайда сақтасақ та болмайтын ба еді?
«Тобыл» клубының бас бапкері, Омари Тетрадзе:
– Нұрболды құрметтеймін. Бірақ біз кәсіпқой командамыз. Оны ешкім де қуған жоқ. Біз оған жұмыс ұсындық, ол одан бас тартты.
«Тобыл» клубының директоры, Талғат Баймұратов:
– Егер ол біздің клубтың жүйесінде жұмыс жасағысы келсе, Нұрболға клубтың есігі қашан да – ашық.
9-шы нөмірді алған футболшы, Темирлан Эльмурзаев:
– Мен біздің клубтың аңыз ойыншысына айналған футболшының нөмірін алдым. Шынымен де, мені қандай да бір қысымнан қорқады деп ойлайсыздар ма? – деп жауап берген «командада бес шабуылшы бар, өзіңізді көрсетуге дайынсыз ба, бәсекелестіктен қорықпайсыз ба» деген сұраққа.