Вернуться к списку статей

“Тобыл” жанкүйерлері Жұмасқалиевтің нөмірін басқа ойыншы алғанына наразы

Футбол
1K
«Тобыл» футбол клубы Қостанайда арнайы кеш өткізіп, өз жанкүйерлерімен кездесіп, алдағы маусымға дайын екендіктерін білдірді.

Бұл кездесуге Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов пен қала әкімі Базыл Жақыпов қатысыпты. Облыс әкімі биыл команда құрамының әлеуеті зор ойыншыларымен жасақталғандығын, команда сапындағы 23 футболшының шамамен 16-сы әлі 27-ге толмағандығына айрықша көңіл аударған.

Ал клуб басшыларымен, бапкерлерімен және футболшылармен өткен кездесуде жанкүйерлер өзекті сұрақтар қойып, команданың жағдайына алаңдайтындықтарын білдірген. Тіпті Нұрбол Жұмасқалиев мәселесі тағы да “көселген”:

Сұрақ:

– Жұмасқалиевтің 9-шы нөмірін Темирлан Эльмурзаевқа бергендеріңізді қалай түсінуге болады? Нұрболдың орны бөлек, сондықтан оның жейдесін мұрайда сақтасақ та болмайтын ба еді? 

«Тобыл» клубының бас бапкері, Омари Тетрадзе:

– Нұрболды құрметтеймін. Бірақ біз кәсіпқой командамыз. Оны ешкім де қуған жоқ. Біз оған жұмыс ұсындық, ол одан бас тартты. 

«Тобыл» клубының директоры, Талғат Баймұратов:

– Егер ол біздің клубтың жүйесінде жұмыс жасағысы келсе, Нұрболға клубтың есігі қашан да – ашық. 

9-шы нөмірді алған футболшы, Темирлан Эльмурзаев:

– Мен біздің клубтың аңыз ойыншысына айналған футболшының нөмірін алдым. Шынымен де, мені қандай да бір қысымнан қорқады деп ойлайсыздар ма? – деп жауап берген «командада бес шабуылшы бар, өзіңізді көрсетуге дайынсыз ба, бәсекелестіктен қорықпайсыз ба» деген сұраққа.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика