Вернуться к списку статей

Люксембургтен де ұтылатын халге жетіппіз

Футбол
1K
Фото kff.kz сайтынан
Македонияда 17 жасқа дейінгі бозбалалар арасында “Даму кубогы” тәмамдалып, Қазақстан құрамасы соңғы орынға табан тіреді.

Скопьеде өткен халықаралық доданың соңғы күні Қазақстан U-17 құрамасы Люксембург жеткіншектерімен кездесті. Ойынның нгізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальтиге жүгінуге тура келді. Мұнда, 2010 жылғы халық санағына сүйенсек, тұрғындарының саны 550 мыңға да жетіңкіремеген елдің жас футболшылары басым түсті. Есеп – 1:4.

Қазақстан U-17 – Люксембург U-17 – 1:1

Голдар: Жақыпбаев, 50 (1:0). Леандро, 60-пенальтиден (1:1).

Пенальти – 1:4

Қазақстан: Устименко, Қашкен, Сағи, Ілиясов, Шәмші, Ульшин (Ким, 30; Мамырбаев, 41), Махан (Кеңесов, 52), Красноперов (Скворцов, 65), Сейідахмет (Қайыркенов, 65), Сағынаев, Жақыпбаев.

“Даму кубогы – 2016” додасындағы ойын нәтижелері:

17 сәуір, жексенбі

Украина – Люксембург – 2:1

Македония – Қазақстан – 0:0 (пенальтиден – 5:3)

19 сәуір, сейсенбі

Украина – Қазақстан – 1:0

Македония – Люксембург – 2:2 (5:3)

21 сәуір, бейсенбі

Люксембург – Қазақстан – 1:1 (1:4)

Македония – Украина – 0:1

Қорытынды кесте:

1. Украина – 9 ұпай

2. Македония – 4

3. Люксембург – 3

4. Қазақстан – 2

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика