Скопьеде өткен халықаралық доданың соңғы күні Қазақстан U-17 құрамасы Люксембург жеткіншектерімен кездесті. Ойынның нгізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальтиге жүгінуге тура келді. Мұнда, 2010 жылғы халық санағына сүйенсек, тұрғындарының саны 550 мыңға да жетіңкіремеген елдің жас футболшылары басым түсті. Есеп – 1:4.
Қазақстан U-17 – Люксембург U-17 – 1:1
Голдар: Жақыпбаев, 50 (1:0). Леандро, 60-пенальтиден (1:1).
Пенальти – 1:4
Қазақстан: Устименко, Қашкен, Сағи, Ілиясов, Шәмші, Ульшин (Ким, 30; Мамырбаев, 41), Махан (Кеңесов, 52), Красноперов (Скворцов, 65), Сейідахмет (Қайыркенов, 65), Сағынаев, Жақыпбаев.
“Даму кубогы – 2016” додасындағы ойын нәтижелері:
17 сәуір, жексенбі
Украина – Люксембург – 2:1
Македония – Қазақстан – 0:0 (пенальтиден – 5:3)
19 сәуір, сейсенбі
Украина – Қазақстан – 1:0
Македония – Люксембург – 2:2 (5:3)
21 сәуір, бейсенбі
Люксембург – Қазақстан – 1:1 (1:4)
Македония – Украина – 0:1
Қорытынды кесте:
1. Украина – 9 ұпай
2. Македония – 4
3. Люксембург – 3
4. Қазақстан – 2