Вернуться к списку статей

«Егер өмірді ойын деп алсақ, мен жеңдім». Жұлдызды карьерасы ерте аяқталған Пато

Футбол
1K

Осыдан 15 жыл бұрын Пато деген футболшының есімін естігенде көпшіліктің үрке қарайтыны жасырын емес еді. Какадан кейінгі Бразилияның келесі «Алтын доп» алатын футболшысы болуы мүмкін екені айтылатын. Бірақ жарақат және басқа себептер Патоның әлемдік жұлдыз болуына кедергі келтірді. Өзі де өткен кезеңдер туралы еске алыпты.

17 жасымда «Интернасьонал» сапында клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атандым. Бұл 2006 жыл болатын. Осыдан кейін «Барселона», «Аякс», «Реал Мадридтен» ұсыныс түсті. Бірақ мен «Миланды» таңдадым. Неліктен «Милан»?

PlayStation ойынында миландық команданы таңдап ойнап көрген боларсыздар? Таңғжайып құрам еді. Кака, Зеедорф, Пирло, Мальдини, Неста, Гаттузо, Шевченко... Шева нағыз жұлдыз еді! Феномен Роналдо бар. Маған осындай мықтылармен бір жасыл бөлісуге мүмкіндік туды. Олар осының алдында ғана Чемпиондар лигасын жеңіп алған. «Миланнан» ұсыныс түскенде келесі рейс қашан деген сұрақ қойдым.

Анчелотти мен асханаға алып келді: «Бұл Пато, біздің жаңа шабуылшы» деді. Әрқайсысы орнынан тұрып, маған қолдарын берді. Енді мен олармен видеомен емес, алаңда бірге ойнайтын болдым.

Бразилиялықтар мені тіпті жаттығуда қорғады. Сол кезде командада Каха Каладзе өнер көрсетті. Ол Грузия құрамасының капитаны, гигант болатын. Бірде сол Каха аяғымды жұлып түсіре жаздады.Бум! Мен ренжідім. Бірақ командадағы бразилиялықтар: «Күшті бол!, егер ол сені тебетін болса, қарап қалмай жауап бер» деп айтты. Ал бірдеңе болып жатса, қасында бармыз деп қолдау көрсетті.

Сөйтіп, келесі жаттығуда Каладзе доп алады, мен оған қарсы секіремін. Каха жерде жатыр. Енді не болады деп қоямын. Алайда ол орнынан тұрып, қолымды алды.

«Рахмет. Керемет жұмыс», - деді Каладзе.

Бұл сол кездегі «Миланның» менталитеті еді. Анчелотти мен үшін әкемдей болып кеткен адам. Ол тіпті итінің атын Пато деп қойған. Сіздер оның Мадридтегі автобустағы парадтағы фотосын көрдіңіздер ме? Қара көзілдік пен сигара киіп алған. Миландағы жаттығуға тікұшақпен келетін. Карло Пармада тұратын. Әйелі тікұшақты басқара беретін. Жаттығуға Джеймс Бонд секілді келетін. Егер стильді өмір сүрген адамды көрсет десе, Карлоны атар едім.

Мен бұл легендалардан көп нәрсе үйрендім. Киім ауыстыратын бөлмеде Рональдиньоның қасында отыратынмын. Жаттығудан кейін Карло Зеедорф пен Пирлоға Карло маған алаңды кесіп өтетін пастар беруді тапсыратын. Яғни қайда жүгіру керектігімді алдын-алу білуім үшін. Пирло: «Жай ғана допқа жүгірші, өзі келетін» дейтін. Үнемі солай болды.

Сол кезде футболда шыңға жетемін деп ойлайтынмын.

Үміт өте көп болды, түсінесіз бе? Мен супер-талант едім, Бразилия құрамасында ойнап жүрдім. Баспасөз сен туралы жиі жазады, жанкүйерлер де сен туралы айтады. Тіпті, басқа футболшылар үнемі мақтап отырады. Маған мұндай қолпаштау ұнады. Үнемі назарда болғанды қаладым.

Көп армандайтынмын. Басымда «Алтын доп» туралы ой тұратын.Бұған ештеңе істей алмайсың. Әсер етпеуі мүмкін емес. Оның үстіне соған жету үшін азап шектім. Неге мен одан ләззат алмауым керек? 2009 жылы Еуропаның ең жас үздік ойыншысы атанғанда «Алтын доп» туралы ұмыттым. Тек көңіл көтере бастадым. Бұл тұста ешкім тоқтата алмайтын. Басымда тек болашақ ойлар жүретін.

Бірақ 2010 жылы жарақаттар көбейді. Өзіме деген сенімділікті жоғалттым. Мен туралы адамдардың ойларынан қорқа бастадым. Жанкүйерлер бір маусымда 30 гол соғады деп күтті, ал мен тіпті алаңға шыға алмай жүрдім.

Қазіргі футболшыларға рахат қой. Дәрігер, физиотерапевт, фитнес бойынша бапкер бар. Сол жылдары мұндай мүмкіндік тек Роналдода болатын. Туған-туыстарым жырақта едім. Қасымда ешкім болмады. Агентімде қамқорлық таныта қойған жоқ. Миланда дәрігер, персоналдар жұмыс істеді. Алайда олар 25-30 футболшығша бірдей жұмыс істеді. Үнемі менің қасымда жүре алмайтын.

Айтпақшы, мен соншалықты көп қыдырған жоқпын.

Маған құлшыныс жетпеді ме? Құдай мені осылай жаратты. Оны өзгерте алмаймын. Әлемнің көптеген елін араладым. Әр түрлі дәрігерлермен кездестім. Жылаудан көз жасым тоқтамады. Енді ешқашан футбол ойнамаймын деп қорқыныш болды.

Сондықтан 2013 жылдың қаңтарында «Коринтианс» сапына ауыстым. Өйткені Бразилияда өтетін 2014 жылғы әлем біріншілігіне қатысқым келді. Сонымен қатар Роналдо емделген физиотерапевтпен жұмыс істегім келді. 20 күннен кейін олар менің кейбір бұлшықеттерімнің жарақаттан кішірейіп кеткенін білді. Аяғымның алдыңғы жағындағы бұлшық ет артқа қарағанда көбірек болды. Менің бүкіл денем баланс ұстай алмай қалды.

Құдайға шүкір, Бруно қайтадан бабыма әкелді. 2013 жылы үш бұлшықет жарақаты болды.

Карьерам басқаша өрбуі мүмкін бе еді? Әлбетте. Бірақ өкініш жоқ. Барлығына позитивпен қараймын. Менің психикалық жағдайым тәуір. Әлі күнге футболды жақсы көремін.

Мен Италия, Англия, Испания, Қытайда ойнадым. Қиналдым, жыладым, айғайладым. Үнемі жалғыз қалдым.

Бәлкім, мен әлемнің үздік ойыншысы бола алмаған шығармын. Бірақ отбасыммен жақсы қарым-қатынастамын. Өзім жақсы көретін әйелім бар. Сондықтан алтын добым көп деп санаймын.

Егер өмірді ойын деп алсақ, мен жеңдім.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика