Вернуться к списку статей

Дзюдо. Маңғыстаулық балуандар қос алтынды жеңіп алды

Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы ел чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды. Бұл жолы 73, 81, әйелдер 57, 63 және 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшылар өзара мықтыны анықтады.

Ерлер арасында Мағыстау облысының қос спортшысы Асқар Нарқұлов (73 келі) пен Мейірлан Максим (81 келі) жеңіс тұғырына көтерілсе, әйелдер арасында Ақтөбе облысының өкілі Бақыт Құсақбаева (57 келі), Атырау облысының спортшысы Эсмигул Куюлова (63 келі) және Алматы облысы Екатерина Токарева (70 келі)өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.

Жарыстың марапаттау рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысты.

-57 келі

1. Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы)

2. Севара Нышанбаева (Шымкент қаласы)

3.Ұлдана Усейн (Шымкент қаласы)

3. Дина Мұханбет (Қызылорда облысы)

-63 келі

1.Эсмигүл Куюлова ( Атырау облысы)

2. Ақерке Құлаш (Шымкент)

3. Зарина Сәбитова (Абай облысы)

3. Кристина Сотникова (Абай облысы)

-70 келі

1.Екатерина Токарева(Алматы облысы)

2. Мөлдір Нарынова (Жетісу облысы)

3. Жансая Кабимуллина (Қостанай облысы)

3. Жанна Сәткей (Жамбыл облысы)

Ерлер

-73 келі

1.Асқар Нарқұлов ( Маңғыстау облысы)

2. Дархан Қойбағаров (Жетісу облысы)

3. Барыс Қуан (Абай облысы)

3. Ислам Тоқтасын (Алматы облысы)

- 81 келі

1.Мейірлан Максим (Маңғыстау облысы)

2. Жалғас Қайролла (Абай облысы)

3. АңсарбекҒайнуллин (БҚО )

3. Мәди Амангелді (Астана)

Айта кетерлігі, Ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатына 17 облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 463 дзюдошы қатысып жатыр.

Жарыс 15 қарашаға дейін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жалғасады.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика