Вернуться к списку статей

Бұрын Грекиямен қалай ойнаған едік?

Футбол
106

Бір айдан сәл астам уақытта Қазақстан футбол құрамасы үшін тағы бір тарихи матч. Афиныда Грекиямен кездеседі. Мұны жеңсе, Грузия мен Люксембург жұбының жеңімпазымен жолығады. Төртеудің тек біреуі Германияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алады. Қазіргі құраманың құрлық біріншілігіне деген соңғы мүмкіндігі. Осы ретте Қазақстан мен Грекия құрамалары арасындағы бұрынғы ойындарды еске түсіріп көруді жөн санадық.

Бірден айтайық, Қазақстанға қазір қорқатын ештеңе жоқ. Бастысы, аянып қалмауы тиіс. Осыдан 20 жылдай бұрын да Грекия футболшыларына біраз қарсылық көрсеткенбіз. Ол тұста ежелгі Эллада елінің футболшыларының мәртебесі биік болатын. Санаулы ай бұрын ғана Португалия жерінде Еуропа чемпионы атанған.

13034

2004 жылы қараша айында Қазақстанға Афиныға барды. Бас бапкер Сергей Тимофеев болатын. Бірінші таймда Ангелос Харистеас дубль жасап үлгереді.

Екінші таймның соңында қорғаушы Фархадбек Ырысметов доптан айырылып, гректер жылдам қарымта шабуыл ұйымдастырады. Айып алаңына Пантелис Кафес ентелеп кіріп, Константинос Кацураниске пас береді. Соңғысы өз кезегінде бес метр жерден мүлт кетпеді. Арада бір минут өткенде қазақстандық футболшылар да бірдеңе ұйымдастыра алды. Шевченко мен Карповичтың комбинациясы өз жемісін берді. Алаң иелері Андрейді айып алаңында құлатып, болгариялық төреші Костадин Костадинов пенальти белгілейді. Нүктеге келген Руслан Балтиев мүлт кетпейді. Қорытынды есеп – 3:1.


ГРЕКИЯ – ҚАЗАҚСТАН – 3:1 (2:0)

ГОЛДАР: Харистеас, 24 (1:0). Харистеас, 45+2 (2:0). Кацуранис, 86 (3:0). Балтиев, 87-пенальтиден (3:1).

ГРЕКИЯ: Никополидис, Сейтаридис, Деллас, Басинас, Загоракис (Кафес, 70), Харистеас, Цартас (Георгиадис, 72), Фиссас, Вризас, Капсис (Кацуранис, 60), Карагунис. Запасные: Халкиас, Лакис, Венетидис, Яннакопулос

ҚАЗАҚСТАН: Новиков, Ляпкин, Дубинский, Смаков, Карпович, Бөлешев (Шевченко, 66), Балтиев, Чичулин, Ырысметов, Уразбахтин (Родионов, 53), Жалмағамбетов (Камелов, 68).

Алматыдағы қарымта матч тартысты өтті. Ел президенті болған Нұрсұлтан Назарбаев келіп, ойынды стадионнан тамашалағаны бар.

Сол Германияда өткен әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанның ең бір тартысты ойындарының бірі болды.

Өйткені Қазақстан 78-минутқа дейін жеңіп тұрған. Бірақ «соңғы минуттар синдромы» осы кезде басталып жатты.

13035

Қазақстан сапынан есепті капитан Нұрбол Жұмасқалиев ашқан. Гректердің осыдан кейін жүйкелері жұқарып, біраз терлеуіне тура келді. Бірақ бәрібір де ұтылдық. Алдымен Стилянос Янакопулос таразы басын теңестірсе, 94-минутта Николас Либеропулос жеңіс голын соқты.Осының арасында Андрей Карпович 86-минутта екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Мұның бәрі ойын нәтижесіне әсер етті. Грек екінші голды матчтың бітуіне санаулы секундтар қалғанда салған еді.

Кездесуден кейін бас бапкер Сергей Тимофеев төрешіге ренішін білдірді. Қазақстанды «жығып берді» дегендей айтты.

ҚАЗАҚСТАН ГРЕКИЯ – 1:2 (0:0).

ГОЛДАР: Жұмасқалиев, 53 (1:0). Яннакопулос, 78 (1:1). Либеропулос, 90+4 (1:2).

ҚАЗАҚСТАН: Лория, Смаков, Авдеев, Фамильцев (Травин, 75), Кучма, Карпович, М.Азовский (Ларин, 52), Родионов, Хохлов, Жұмасқалиев (к) (Балтиев, 80), Литвиненко.

ГРЕКИЯ: Никополидис, Сейтаридис, Фиссас (Гекас, 78), Капсис, Кацуранис (Кафес, 60), Загоракис (к), Басинас, Карагунис, Яннакопулос, Харистеас, №15 Вризас (Либеропулос, 53).

Алаңнан қуылды: Карпович, 86. Родионов, 90+4.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика