Вернуться к списку статей

«Барыстың» кезекті қуанышы

Хоккей
284

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін Астананың «Барысы» қатарынан екінші ойынды ұтты. Мұндайды көрмегелі көп болып еді.

Осының алдында Магниторскінің «Металлург» клубынан басым түсіп,сенсация жасаған болатын. Өйткені қарсыласы чемпионатта көш бастап келе жатқан ұжым. Бұл жолы астаналықтарЧереповецте «Северсталь» клубының осал тұсын тапты.

Матч тең дәрежеде өтті. Екі клуб алма-кезек гол соғып, негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды. Овертаймда елордалық клубтан Евгений Рымарев мергендік таныттып, «Барыс» 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ғалым Мәмбәтәлиевшәкірттері енді 5 желтоқсанда «Авангард» (Омбы) командасымен кездессе, 7 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) клубымен шеберлік жолығады.
Осы жеңістің арқасында «Барыс» 38 матчтан кейін 31 ұпаймен Шығыс Конференциясында 11-орында келе жатыр.

«Северсталь» (Череповец, Ресей) «Барыс» (Астана, Қазақстан) 2:3 ОТ (1:1, 1:1, 0:0, 0:1)

Шайба:
0:1 07:13 Камара (Оберг).
1:1 13:45 Иванцов (Буренов, Скоренов).
2:1 22:51 Пилипенко (Лишка, Аймурзин).
2:2 31:35 Рахманов.
2:3 62:39 Рымарев (Мұратов, Шестаков).

Ғалым Мәмбетәлиев, «Барыс» клубының бас бапкері:

– Жігіттерге ескерттім. Ойынды талқыладық. Қарсылас жылдам ойын өрнегін көрсетеді. Сондықтан қорғаныста шыдамылық таныту қажет. Өз мүмкіндігімізді күтіп, қарымта шабуылда ұстауға тырыстық.

– Соңғы кездері команда қайта ұпай жинай бастады...

Жұмыс жүргізіп жатырмыз. Команда ішіндегі микроклимат түзеліп келеді. Жігіттер өз күштеріне сеніп, жеңіске деген құлшыныстары арта бастады.


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика