Вернуться к списку статей

«Барысты» басынбаған команда қалмады

Хоккей
257

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін Астананың «Барыс» клубын басынбаған команда қалмады. Көштің соңында жүрген Қытайдың атынан қатысатын «Куньлунь Ред Стар» командасы да жеңіп кетті.

Бұл ойын елордада өтті. Матчтың алдында Шығыс Конференциясында «Барыс» 11-орында тұрды. Қытай командасы да Батыс Конференциясында дәл осындай позицияда болды. Екеуінде де 23 ұпай бар еді.

Бірінші кезеңде Кирилл Савицкийді «Барысты» алға шығарған. Бәрі дұрыс сияқты көрінген. Екінші 20-минуттықта өзгеріс болған жоқ. Үшінші кезеңде қонақтар жеңісті жұлып алды.

«Барысты» басынбаған команда қалмады. Кім көрінгенге жем болып жүр. Қорытынды есеп – 1:2.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) – «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің, Қытай) –1:2 Шайба:
1:0 – 10:09 Савицкий (Бекетаев, Шестаков).
1:1 – 48:34 Макмиллан (Меркли).
1:2 – 56:27 Вуд (Рич).

Ғалым Мәмбетәлиев, «Барыс» клубы бас бапкерінің міндетін атқарушы:

– Ойын басында жаман өрбіген жоқ. Сосын қажет емес кезде ойыннан қуылып айып уақытын алып жатты. Жеті рет хоккейшіміз айдыннан қуылыпты. Сосын соңында жіберіп алдық. Дисциплина дұрыс болмады. Бұрын тәртіпті ойнап жүр едік. Екінші кезеңде өз мүмкіндіктерімізді пайдаланып, гол сала алмадық. Үшінші кезеңде қарсылас қателікті кешірмеді.


Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика