Вернуться к списку статей

Бакуде бес қазақ боксшысы финалға шықты

Бокс
4K

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде финалға шыққан боксшылар анықталды.

Қазақстан намысын қорғап жатқандар арасында ең жеңіл салмақтағы 2021 жылғы әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов әзірге сенімді ақтап тұр. Отандасымыз жартылай финалда ресейлік Адам Алиевпен жұдырықтасты. . Жекпе-жек барысында Теміртас екінші раундта үстемдігін арттырып, сериялық соққыларын қарсыласына жақсы өткізе алды. Ал үшінші раундта да Жүсіпов қарқынын бәсеңдетпей, Баку бәсекесінің финалына шығып отыр.

Сондай-ақ 54 келідегі Тимур Қабдешов әзірге жақсы келеді. Қазақ боксшысы жартылай финалдатағы бір ресейлік ресейлік Максим Кузнецовтың осал тұсын тапты. Финалда ол енді өзбек боксшысы Худжаназар Нортоджиевпен жұдырықтасады.

Ал Талғат Сырымбетов (60 келі) жартылай финалда өзбек жігіті Бахтиер Асадовтан басым түсті. Қарағандылық боксшы жігері мен жылдамдығының арқасында өзінің мықтылығын дәлелдей алды.

Сол секілді жартылай финалда 71 келіде жұдырықтасатын Дархан Дүйсебай да парсы боксшысын төрешілер шешімі бойынша ұтты.

Түркістан облысының тумасы 92 келіде сынға түскен Сағындық Тоғамбай жартылай финалда Ресей спортшысы Рамазан Ханалиевті үйіне қайтарды.

Енді ол финалда әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Альфонсо Лорен Домингеспен жұдырықтасады. Айта кететін жайт, куба боксшысы бүгінде Әзірбайжан азаматтығын алып, сол елдің атынан сынға түсуде.

Жеңіліс тауып, елге ертерек қайтқан боксшылар арасында Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Бақтияр Смағұлов (67 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Бекзат Таңатар (86 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бар.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика