Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы UEFA Ұлттар лигасы аясындағы кезекті тур ойынын өткізді. В дивизионында сынға түсіп жатқан Станислав Черчесов шәкірттері 3-турда сырт алаңда Аустрия құрамасымен кездесіп, қарсыластарынан ірі есеппен жеңіліп қалды.
Алғашқы екі турдан кейін Қазақстан мен Аустрия бір-бір ұпай еншілеп, В квартетінің соңғы орындарына жайғасқан болатын. Біздің жігіттердің соңғы орындағы жағдайы түсінікті. Ал Аустрияның екі турда небәрі 1 ұпай жинауы көпшілікті таң қалдырғаны белгілі. Өйткені Аустрия футболшылары биылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде тәуір өнер көрсетіп, плей-офф кезеңіне дейін жеткен еді. Тіпті, Польша мен Нидерланд құрамасының қақпасына үш-үш голдан соққаны есімізде.
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасының өткен маусымындағы жарқын ойынынан кейін мамандар біздің құрамама үлкен үмітпен қарай бастады. Топта Норвегия және Словения футболшыларымен иық тіресе көш бастамаса да, олардан ұпай алуға тырысатынын айтты. Алайда біздің жігіттер қазір сол мамандардың үмітін ақтай алмай отыр. Станислав Черчесов алғашқы турда Холанн мен Эдегор бастаған Норвегия құрамасымен тең ойнаса (0:0), сырт алаңда Словениядан 3:0 есебімен жеңіліп қалды.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасына В дивизионың ойындары оңайға соқып жатқан жоқ. Одан бөлек, Станислав Черчесов ұлттық құрамаға келгеннен бері біздің жігіттер әлі жеңіске жете алған жоқ.
Матчқа тоқталар болсақ, Аустрияға қарсы ойында Черчесов негізгі құрамға аздаған өзгеріс жасап, бірінші минуттан бастап шабуылға Айбар Жақсылыков пен Бауыржан Исламханды шығарды. Сондай-ақ ұзақ уақыттан соң ұлттық құрамаға қайта оралған Сұлтанбек Астанов қорғаныстың оң қапталына жайғасты.
Кездесу ә дегеннен Аустрия футболшыларының қауіпті шабуылдарымен басталды. Кездесудің 10-минутында қорғаушы Әліп пен капитан Тағыбергеннің бір-біріне пас берудегі қателігінен кейін Кристоф Баумгартнер гол соғып, ойынның есебін ашты. Бұл голдан кейін Ральф Рангниктің командасы «бірінші нөмір» ретінде ойнауды жалғастырып, 28 жастағы қақпашы Александр Шлагерді жұмыссыз қалдырды. Жерлестеріміз бірінші таймның соңына қарай оянып, Александрдың қырағылығын байқап көрді.
Екінші таймда алаң иелері матч тізгінін толыққанды өз қолына алып, біздің жігіттердің адымын аштырмады. Аустрия футболшылары айналдырған екі минуттың ішінде біздің қақпаға екі гол соғып, жеңіс былай тұрсын, тең ойынан күдерімізді үзді. Алдымен Филипп Линхарт бұрыштамадан асырылған допты қақпа төріне енгізсе, арада екі минут өткенде Марсель Забитцер айып алаңының шегінен дәл соққы жасады – 3:0.
Бір айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы ойындағы да, екінші таймдағы да қақпаға бағытталған соққысын 74-минутта жасады. Рамазан Оразов бастаған шабуылды Аслан Дарабаев голмен түйіндей алмады. Әлсіз тепкен добын Аустрия қақпашысы еш қиындықсыз қайтарды.
Бұл ойында Станислав Черчесов әріптесінен тек ойын тактикасы бойынша ғана емес, футболшыларды ойынға тыңнан қосу бойынша да есе жіберді. Өйткені Черчесов екінші таймда алаңға шығарған бірде-бір футболшы гол соғып, қауіпті шабуылмен көзге түсе алмады, ал екінші таймда сенім артқан Ральф Рангник Маттиас Зайдль 79-минутта өз атын таблоға жаздыртып, кездесудің нүктесін қойды – 4:0.
Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тобындағы екінші сырт алаңдағы матчта да ірі есеппен жеңілді. Үш ойында Қазақстан құрамасы өз қақпасына 7 гол өткізіп, қарсыластар қақпасына бірде-бір гол соға алмады.
Топтағы екінші матчта Норвегия өз алаңында Словения футболшыларын қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп Эдегор бастаған ұжым 7 ұпаймен көш бастаса, Аустрия мен Словения 4 ұпаймен 2-3-орындарды бөлісіп тұр. Ал Қазақстан құрамасы жалғыз ұпаймен көш соңында қалып қойды.
Кездесуден кейін қос құраманың бапкерлері ойын туралы пікір білдірді.
Станислав Черчесов: «Біз былтырға қарағанда басқа дивизионда ойнап жатырмыз. Бұл біздің деңгей деп айта алмаймын. Иә, гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Қалай болғанда да, мен алдыңғы ойындардан қарағанда бүгінгі матчта басқа ойын көрдім. Ол кезде біз шабуылда сүреңсіз ойнадық. Ал бүгін жақсы шабуылдар ұйымдастыра білдік. Исламхан оралды, бір тайм ойнап шықты. Біз әрбір мүмкіндікті ұтымды пайдалануымыз керек. Біз өте мықты командамен сырт алаңда ойнадық. Нәтижесі көңілден шықпады. Бастысы, қазір бізге осындай матчтар көп өткізу керек, сонда ғана жаңа деңгейге көтерілеміз».
Ральф Рангник: «Бұл ойында біз допты өз бақылуымызда ұстап, еркін көсілдік. Бұл маңызды дүние еді. Сондай-ақ бүгінгі матчта біздің жартылай қорғаушыларымыз қарсы шабуылда, допты қарсыластар алаңынан тартып алуда өте сәтті ойнады. Соның нәтижесінде біз алғашқы голымызды соқтық. Бізге тағы да бір-екі гол соғу керек еді. Дегенмен, біз қалағандай ойын көрсеттік».
Аустрия – Қазақстан – 4:0 (1:0)
Голдар: Баумгартнер 10, Линхарт 54, Забитцер 56, Зайдль 79
Ескертулер: Прасс – Әліп 65, С.Астанов 89
Аустрия: А.Шлагер (Қ), Пош, Траунер (Свобода 62), Линхарт, Прасс, Лаймер (Гриллич 76), Н.Зайвальд, Шмид (Виммер 62), Баумгартнер (Зайдль 72), Забитцер (к), Адаму (Арнаутович 62);
Қосалқы құрам: Н. Хедль (в), Пенц (в), Фридль, Данилюк, Кверфельд, Вайман, Штегер;
Бас бапкер: Ральф Рангник.
Қазақстан: Шацкий (Қ), С.Астанов, Қасым, Әліп, Вороговский, Әбікен (Оразов 46), Исламхан (Самородов 46), Тағыберген (к) (Дарабаев 67), Зайнутдинов (Жақсыбаев 76), Чесноков, Жақсылыков (Шушеначев 59);
Қосалқы құрам: Покатилов (в), Заруцкий (в), Быстров, Балтабеков, Скворцов, Ульшин, Марочкин;
Бас бапкер: Станислав Черчесов.
Төрешілер: Дональд Робертсон, Дэвид Рум, Росс Маклеод, Грант Ирвайн;
10.10.2024. «Райффайзен Арена», Линц, 15 300 көрермен.