Вернуться к списку статей

Артур Шушеначев Израиль клубына ауысты

Футбол
138

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Алматының «Қайрат» клубының шабуылшысы Артур Шушеначев Израиль клубына ауысты. Осыған дейін 7 жыл Алтау баурайында доп тепкен футболшы шетелдік чемпионатта ойнау арманына алғаш рет қол жеткізіп отыр.

Ол Израильдің «Хаполь Беэр-Шева» командасының жейдесін киді.25 жастағы шабуылшы жаңа командасымен 3,5 жылдық келісімге келді. Айтпақшы, израильдік клуб «Қайратқа» трансфер үшін 500 мың еуро төлеген.

Артур Шушеначев «Тараз» футбол клбуының түлегі. Бірақ негізгі құрамында бірде-бір ойын өткізбеген. Есесіне, «Қайратқа» 2017 жылы шақырылып, бірінші маусымда-ақ негізгі құрамда ойнай бастады. 2018 жылы Қазақстан кубогын жеңіп алды. Арада екі жыл өткенде ел чемпионатында топ жарды.

Келесі жылы еурокубоктың топтық кезеңінде дебют өткізді.

Қазақстан кубогында екінші мәрте жеңіске жетіп, шешуші голды соқты. «Қайрат» шабуылшысы сол жылы барлық ресми ойында 23 мәрте мергендік танытқан. Қазақстандық футболшылар арасында үздік сұрмерген болды. Соның арқасында 2021-2022 жылдары ұлттық құрамаға тұрақты шақырылып тұрды. Бірақ қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады.

12988

Жалпы, осы 7 жылдың ішінде Артур Шушеначев «Қайратта» 128 ойынға қатысып, 62 гол соққан.

Отандасымыздың жаңа командасы Израильдің бес дүркін чемпионы. Соңғы рет 2017-2018 жылғы маусымда жеңіске жеткен. Биыл бұл клуб өз чемпионатында төртінші орында келеді.

Кейінгі кездері шетелдік клубтарға ауысқан отандық футболшылардың қатары көбейіп келеді. Абат Айымбетов Түркияның «Адана Демирспор» клубына барды. 18 жастағы жас талант Ілия Әбіл Португалияның «Жил Висенте» командасында жүр.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика