Вернуться к списку статей

«Ақтөбе» Қазақстан құрамасының ойыншыларын жинап жатыр

Футбол
119

«Ақтөбе» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында құрамына Қазақстан футболшыларын жинап жатыр.

Атап айтсақ, қақпашы Игорь Шацкий келді.34 жастағы Қарағанды футболының түлегі ұзақ жыл «Шахтер» сапында ойнады. Арасында бір маусым Қостанайдың «Тобылында» доп теуіп келді.

Ұлттық құрама сапында Игорь Шацкий алғашқы ойынын 2019 жылы 21 ақпанда Түркияның Белек қаласында Молдовамен жолдастық кездесуде өткізді. Қазіргі кезге дейін 25 матчқа қатысқан.

Шацкий жүрген жерде бапкері Валерий Ситало да жүреді. 54 жастағы украиналық маманда «Ақтөбеде» қақпашылардың жаттықтырушысы қызметін атқармақ.

Ситало елімізге ең алғаш рет 2003 жылы «Атырауға» келген. Одан кейін 2007 жылы Қарағандының «Шахтеріне» ауысты. Содан бері «кеншілердің» қақпашыларын жаттықтырып жүрді.

Александр Мокин, Давид Лория, Стас Покатилов, Игорь Шацкий секілді қақпашылардың ұстазы.

12890

Былтыр бірнеше ай Словенияның «Копер» клубында өнер көрсеткен Рамазан Оразов та «Ақтөбеге» оалды. Ол Словенияда 12 ойынға қатысып, 1 гол салды. Оның алдында жартылай қорғаушы «Қайрат», «Тобыл», «Ақсу», Латвияның «Даугавпилс» командаларында ойнаған. Бір кездері Ресейдің «Чайка» клубының да намысын қорғаған.

Ұлттық құрамамен бірге Еуро-2024 іріктеу кезеңінде 10 ойын өткізіп, Словения қақпасына бір гол салды.

23 жастағы Павлодар футболының түлегі Арман Кеңесов «Ақтөбеде» қалатын болды. Ол «Астанаға» ауысуы мүмкін екені айтылған еді.

Кеңесов «Ақтөбеге» 2022 жылы қосылған. Осы аралықта барлық турнирде 50 матч өткізіп,8 гол соқты.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика