Вернуться к списку статей

​«Ақтөбе» бір ай футбол ойнамайды

Футбол
4K

Футболдан QFL премьер-лигасының жаңа маусымы басталды. Өкініштісі, команда саны жұп емес. Яғни әрбір турда бір клуб демалып отырады. Мысалы, осы жағдайға байланысты өткен маусымның қола жүлдегері «Ақтөбе» клубы бір айға жуық уақыт демалатын болады.

Дмитрий Парфенов жаттықтыратын ұжым 1 наурызда Қызылорданың «Қайсар» клубын сенімді жеңді. Ойын 3:1 есебімен аяқталды. Жақын арада Қазақстан азаматтығын алып қалуы мүмкін деген шабуыл Идрис Умаев дубль жасады. Бір голды Максим Самородов өз атына жазды.

Енді команда біраз демалатын болды. Келесі матч 31 наурызда өтеді. «Ақтөбе» өз алаңында елорданың «Жеңіс» клбуын қабылдайды. Жоғарыда айтқанымыздай, «Ақсудың» шығып қалғанына байланысты «Ақтөбе» 2-турдан босатылды.

Премьер-лигадағы ойындардың саны аз болуы мысалы «Қайрат» бапкері Кирилл Кеккерге де ұнамай қалды.

«Менің пікірім аса ешкімге қызық емес болар. Дегенмен, ойымды айтайын. Өздеріңіз білесіздер, премьер-лиганың әрбір клубы ауқымды жарна төлейді. Ал сонда бар-жоғы 11 айда 26 матч өткізеді. Бұл мен үшін өте аз. Енді «Ақсу» жоқ ойындардың саны 24-ке қысқарды. Лига кубогы деген турнир қосылып жатыр. Сонда кемі 31 ойынға дейін көбеюуі мүмкін. Алайда жарақат, дисквалификация сияқты факторларды ескерсек, футболшылардың бір жылдағы орташа ойын саны – 25. Әлемде футболшылар жаттығу жасап, көбірек ойнауға тырысады. Ал бізде керсінше. Қазақстанда футболшылар өте аз ойнайды. Амал жоқ, қазір әрбір матч әлем чемпионатының финалы секілді. Сондықтан қателесуге уақыт жоқ. Мысалы, «Ақтөбе» кеше ойнады, енді қашан алаңға шығатынын білесіз бе? Олардың ендігі матчы бір айдан кейін өтеді. Бұл жалпы дұрыс нәрсе ме? Сонда бір ай бойы не істейді?», - дейді Кирилл Кеккер.

13099

Дегенмен, «Ақтөбедегі» бір қуаныш футболшыларының көбісі ұлттық құраманың матчтарына барады. Атап айтсақ, қақпашы – Игорь Шацкий, қорғаушылар – Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов, шабуылшылар – Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімінде.

13100

Бас бапкер Дмитрий Парфенов қалған футболшылармен жаттығу жиынын жалғастыра берері сөзсіз. Ол «Қайсармен» матчтан кейін шабуыл шебіне тағы ойыншылар келуі мүмкін екенін айтып қалды.

Бірақ Кеккер айтқандай, QFL басшылары алдағы мауымда осындай ойын кестесін түзуді, жалпы матчтардың санын көбейтуді дұрыстап ойластырады
Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика