Вернуться к списку статей

Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева былтырғы жетістіктерін қайталай ала ма?

Әдеттегідей қаңтар айының соңында Португалияның Одивелаш қаласында дзюдодан «Grand Prix Portugal» халықаралық турнирі өтеді. Биыл бұл жарыс 26-28 қаңтарға жоспарланған.

Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметінше, жарысқа 92 елден 632 спортшы (350 ер, 282 әйел) қатысады деп күтіліп отыр. Қазақстаннан аталмыш додаға 11 спортшы барады. Қазақстан дзюдо федерациясы спортшылардың тізімін жариялады.

Ерлер арасында:

60 келі: Ержан Еренғайыпов, Дәурен Суюкенов

66 келі: Жанарыс Рахметқали, Нұрсұлтан Зайзағалиев

73 келі: Жансай Смағұлов, Дархан Қойбағар

81 келі: Айбол Нысанәлі, Мәди Амангелді

90 келі: Айдар Арапов, Құдірет Досымов

100 келі: Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев

Әйелдер арасында:

48 келі: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

57 келі: Бақыт Құссақбаева

63 келі: Эсмигүл Куюлова

78 келі: Аруна Жангельдина

+78 келі: Камила Берліқаш.

Айта кетейік, 48 келідегі Әбиба Абужақынова мен Ғалия Тынбаева финалда күресіп, жанкүйерлерін қуантқан.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика