Вернуться к списку статей

«Атырау» мен «Ордабасы» – Матч тағдырын пенальти шешті

Футбол
1K
Фото: rfcatyrau.kz
«Атырау» Шымкенттің «Ордабасы» клубын «Томарлы» стадионында қабылдап, ұтылып қалды. Жалғыз гол пенальтиден соғылды.

Ойынның басында алаң иелерінің қарқындары аса жоғары болды. «Атырау» оңтүстікқазақстандықтардың қақпасына қауіп төндіріп, бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Стафан Живкович қақпашымен бетпе-бет шығып, мүлт кетті...

«Атырау» екінші таймда да атойлап алға шапты. Бірақ қонақтарының қорғанысын бұзып өте алмады. «Ордабасы» болса, бірте-берте қарқынын үдете түсті. Иван Нагаевтың есеп ашатын тамаша мүмкіндігі болғар. Бірақ қақпашымен бетпе-бет шыққан Өзбекстан футболшысы жаза басты.

Ойынның 70-минутында «Ордабасы» жылдам қимылдап, қарсы шабуыл ұйымдастырды. Айып соққысын орындағана қорғаушылардың бірі допты ышқына тепті. Қарсы беттегі қақпаның алдына дейін жеткен допқа Ризван Аблитаров пен Еркебұлан Тұңғышбаев таласты. Бір тоқтап, бір жүгіріп, артынан екеуі ұмар-жұмар құлады...

Төреші Сергей Гороховодацкий 11-метрлік айып соққысы орындалатын нүктені нұсқады. Пенальтиді Абдуллай Диакате мүлтіксіз орындады. Гол. Қонақтар алға шықты. Уақыт бар, есепті теңестіруге де болар ма еді? Алайда «Атырау» гол соға алмай пұшайман болды. Ұжымдық ойын үлгілерінің бір қайнауы ішінде сияқты...

Ал «Ордабасы» Жайық жағасынан үш ұпай олжалап қайтты. Бас бапкері де, жанкүйерлері де – мәз. Матчтан соң «Атыраудың» бас бапкері Вахид Масудов төрешінің шешіміне наразы екенін білдірді. «Бұл ойында ұтылмауымыз керек еді, бірақ кейінгі кезде төрешілер...» деп іштегі өкінішін де төгіп тастапты...

«Атырау» – «Ордабасы» – 0:1 (0:0)

Гол: Диакате, 71-пенальтиден.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика